Елбасы ҚХА төрағасы қызметінен кетті

«Мен ҚХА-ны басқару құқығын Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа беруге шешім қабылдадым», — деді Назарбаев.

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы қызметінен кетті. ҚХА жаңа төрағасы болып Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайланды. 

«Ассамблеяның барлық мүшесіне мені осы уақытқа дейін қолдағаны үшін алғыс айтамын. Бұл мен үшін маңызды болды.  Маған ҚХА-ны өмір бойы басқару құқығы берілгені белгілі. Мен әрдайым сіздермен біргемін және одан бас тартпаймын. Бұл ретте еліміздің Президентіне бірқатар өкілеттік берілген.  Яғни, барлық мәселені бір адам шешуі тиіс.  Мен ҚХА-ны басқару құқығын Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа беруге шешім қабылдадым», – деді Назарбаев.

Елордада Елбасының төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» атты XXIX сессиясы өтіп жатыр.



Мәліметпен бөлісу: