Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2017 жылдың 12 сәуірінде жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»атты бағдарламалық мақаласында бәсекелік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы сияқты қағидаттарды басшылыққа ала отырып, таяу жылдарда атқаратын нақты міндеттерді анықтап берді. Президенттің болашаққа көзқарасы өзінің тереңдігімен әрқайсысымызға ой салып, жағымды әсер етті.Мемлекет басшысының мақаласы аудан тұрғындарының назарына алынып, аудан әкімдігі тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылуда.Мәселен, «Қазақ тілінің латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшуі», «Жаңа гуманитарлық білім», Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Туған жер», «Қазақстанның сакралды географиясы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» бағыттарында 6 жұмыс тобы, 52 адамнан құралған аудандық комиссия құрылды. Арнайы жоспар мен іс-шаралардың желілік кестесі әзірленіп, бекітілді. Бағдарламаның жобаларын ілгерілету, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен жұмысты үйлестіру үшін аудан әкімінің орынбасары, аудандық бөлім басшыларынан құралғанбасқарушылық кеңес құрылды.Сонымен қатар, құрамында мәдениет және өнер қайраткерлері, этно-мәдени орталықтардың жетекшілері, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, қоғамдық пікірдің көшбасшылары, білім беру, тарих және мәдениет саласындағы мамандар бар аудандық Сарапшылық кеңес бекітілді.Қазіргі таңда мақалада көзделген мақсаттар«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер», «Киелі жерлер географиясы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «100 жаңа есім», «100 жаңа оқулық» арнайы жобаларының аясында орындалуда.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы өзіндік 4 кіші бағдарламалардан тұрады:
1. 5 базалық жобалардан құралған «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы. Аудандағы жобаларының әкімшілері – аудандық білім, спорт және денешынықтыру бөлімдері.
2. 2 базалық жобалардан құралған «Атамекен» кіші бағдарламасы. аудандағы жобалардың әкімшілері – аудандық кәсіпкерлік, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері.
3. 6 базалық жобалардан құралған «Рухани қазына» кіші бағдарламасы. Аудандағы жобаларының әкімшілері — аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен жастар ресурстық орталығы.
4. 2 базалық жобалардан құралған «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы.
Бұл бағдарлама жобаларының әкімшілері – аудандық ішкі саясат бөлімі, «Алакөл Айнасы» ЖШС-і қызметі болып табылады.
Қазіргі таңда республикалық бағдарламаны бақылау офисінен жолданған тапсырмалар бойынша әр кіші бағдарламаларға сәйкес жалпы құны 55 миллион теңгені талап ететін «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 17жобалар мен іс-шаралардан құралған реестрі әзірленіп, әр жобаның және іс- шаралардың Жарғылары мен паспорттары әзірленіп, облыстық ішкі саясат басқармасына жолданды. Бүгінгі күнге дейін ауданда Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында іске асырылған әртүрлі форматтағы бірнеше ауқымды жобаларға тоқталып өтсем.
Біріншіден, аудандаатақты тұлғаларды, кәсіпкерлер мен меценаттарды туған жеріне, өзінің ауылының, қаласының, өңірінің әлеуметтік дамуына қатыстыру, ұлттық патриотизмді қалыптастыру мақсатында «Туған жерге тарту» акциясыбастау алды. Атап айтсақ, «Жер су» корпорациясының директоры Бауыржан Оспановтың бастамасымен Қабанбай ауылындағы мәдениет үйінің спорт залын күрделі жөндеуден өткізіліп, тамызда қолданысқа берілді. Жалпы құны 45 млн. теңге.Сонымен бірге Лепсі ауылында мектеп ұстаздары мен спорт жаттықтырушыларына арнайы 10 тұрғын үй және интернат оқытушыларына арналған 16 бөлмелі жатақхана есігін айқара ашты.«Есім төре» кесенесінің қайта жаңғыртылуы мен шырақшысының үйінкүрделі жөндеу өткізуге 70 млн.теңге қаражат жұмсалды.Жыланды ауылының тұрғындарына қызмет көрсететін монша бой көтеріп, сонымен қатар ҰОС қаза болған боздақтарға монумент тұрғызылып, оған 1000-нан астам сарбаздардың есімі жазылды. Бұл игілікті істердің жалғасы ретінде демалыс саябағының тарту етілуін айта аламыз. Аталмыш жобаларға барлығы 50 млн. теңге қомақты қаржы бөлінген.
Сонымен қатар, «BAUTEN» ЖШС-нің директоры Ұ.Мырзағұлов Ақтүбек орта мектебіне құны 3 млн. теңгені құрайтын 14 компьютер мен графопроектор құралдарын сыйға тартты.
Кәсіпкер Ә.Қорабаевтың демеушілігімен Көктұма ауылында 3 млн. теңгеге жылжымалы сахна орнатылды.
Жағатал ауылдық округінде «Ерасыл» шаруа қожалығының төрағасы, Е.Жуанышбаевтың тікелей қолдауымен 15 млн. теңгеге балалар саябағы салынып, бүлдіршіндер игілігіне тарту етілді.
Жеке кәсіпкер Б.Малтабаровтың демеушілігімен Екпінді ауылдық округі, Үшқайың ауылының көшесіне жарықшам бағаналары орнатылып, 1 млн. теңгеден астам қаражат жұмсалды.
Бескөл ауылдық округі, Бұлақты ауылында жеке кәсіпкер М.Әділханның ұйытқы болуымен 80 млн. теңгеге алтын құрсақты батыр аналарға арналған монумент тұрғызылып, халық қолданысына саябақ салынып берілді.
Іске асырылған 10 жобаның жалпы құны құны 517 млн. теңгені құрап отыр.
Ауданымыздағы атымтай жомарт тұлғалардың тікелей қолдауының арқасында 2017-2018 жылдары аралығында құны 650,6 млн. теңгені құрайтын12 жоба қаржыландырылып, аталмыш нысандардың құрылыс жұмыстары атқарылып жатыр. Ерекше атай кететін бастаманың бірі- дархан мінезді тұлға Сауат Мыңбаевтың демеушілігімен Үшарал қаласында жалпы соммасы 550 млн. теңгені құрайтын спорт және дене шынықтыру кешені. Аталмыш мекеменің құрылысы басталып, қарқынды түрде жалғасуда.
Халық арасында тарихи-мәдени мұра объектілеріне деген құрметті қалыптастыру мақсатында бұқаралық ақпарат өкілдерінің қатысуымен 24 шара ұйымдастырылды.Қыркүйек – қазан айларында «Алакөлдің жастарға тартуы», «Ұлттық код және латын әліпбиі» атты дөңгелек үстел, «Менің – Алакөлім» стритарт, Джонгар-Алатау және Акши бағытындағы танымжорықөткізу жоспарлануда.
Сонымен қатар әлеуметтік желілерде 18 түрлі бейнероликтер көрсетілуде. «Жер жаннаты – Жетісу» тақырыбында Алматы облысының киелі жерлерін насихаттау мен туристерге қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуде аудан әкімдігінің сайтына, аудандық ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік желілерінде «Рухани Жаңғыру – айдынды Алакөл» парақшасы ашылып, ақпараттар берілуде.
Ақпараттық сүйемелдеу мақсатында аудан бойынша 24 билборд, 12 аспалы қондырғы,1 ЛЕД экранға жарнамалық бейнеролик көрсетіліп, тұрғындарға 1500 дана флаерлар таратылды. Аудандық «Алакөл», облыстық «Огни Алатау» газеттерінің арнайы айдарларында 34 мақала жарық көрді. «Instagram», «Facebook», «В Контакте» әлеуметтік желілерінде 80 материал жарияланып, оған 1000 — ға жуық пікір жазылған.
«Қазақстанның сакралды географиясы», «100 жаңа есім», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» бағыттарында бекітілген жоспарға сәйкес іс — шаралар өткізілуде. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының негізгі мақсаты Тәуелсіздік жылдарында қазіргі Қазақстанның дамуына белгілі бір деңгейде үлес қосқан тұлғалардың нақты тарихынан үлгі ретінде қоғамда жетістікке жету меритократия қағидаттары, бәсекеге қабілеттілік, парагматизмге бас ұру және білім идеяларын танымал ету және ақпараттық ілгерілету арқылы қоғамдық сананы жаңғыру болып табылады. Осыған орайаудандан жолданған 26 азаматтың 10-ны облыстан кезеңнен өтіп, республикаға жіберілді. Бұл жоба жалғасын табуда.
«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы бойынша облыстық тізімге «Жауқазындай жайдарлы үн» атты әндер байқауы енгізілген болатын, соның аясында 8 округтен 1800 адамды қамтыған іс-шара өткізілді. Сондай-ақ, «Сакралды география» бағыты бойынша ауданда 20 киелі жерлердің тізімі белгіленді.
Олар: І. Археологиялық – сәулет орындары: Ырғайты ауылдық округіндегі — Асусай, Жайпақ ерте ортағасырлық қалашықтары, Лепсі ауылында көне қала орны.
ІІ.Тарихи тұлғалар мен оқиғалар орындар: Үйгентас жайлауы –Қабанбай ауылдық округі, Майлышаттағы Аңырақай шайқасына қойылған белгі тас – Ақжар ауылдық округі, Жалаңашкөлдегі 1969 жылғы қақтығыс болған жер – Ырғайты ауылдық округі, Тоқта тауындағы белгі тас – Ырғайты ауылдық округі, Қарауыл төбе – Ырғайты ауылдық округі, Борша қырғыны болған жер- Қабанбай ауылдық округі, Сайқан тауындағы құлпытас пен табылған діни кітаптар – Еңбекші ауылдық округі, Лепсі аумағындағы Никольск шіркеуі, Лепсі педагогикалық училищесінің орны, Лепсі ауылдық округі, Үшарал қаласы, Ынталы, Ақши, Бескөл, Қарабұлақ ауылының петроглифы жазулары.
ІІІ. Табиғи – ландшафтық орындар: Жоңғар Алатауы ұлттық паркі – Қабанбай ауылдық округі (Көкжар ауылы), «Алакөл» мемлекеттік табиғи қорығы –Үшарал қалалық округі, «Алакөл Арасан» сауықтыру кешені (батпақ) — Ақтүбек ауылдық округі.
ІV. Ғибадат ету орындары: Есім төре кесенесі – Жыланды ауылдық округі, Шіре ана кесенесі – Еңбекші ауылдық округі, Баянбай батыр бейіті — Ынталы ауылдық округі, Кейкі батыр бейіті – Қызылащы ауылдық округі, Тоқболат батыр ескерткіші – Екпінді ауылдық округінде орналасқан.
«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 4 жоба дайындалды.Атап айтсақ: аудандық «Абай оқулары», «Гүлдер» би байқаулары, Жас өлкетанушылар мен туристер» слеті және«Арлан» әскери-спорттық жастар құрамасы.«Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз ғұмырлы» болсын десек, жұмылған жұдырықтай қалпымыздан танбай, Елбасының Бағдарламалық мақаласындағы басты бағыттарда көрсетілген тапсырмаларды тиянақты іске асырақ қана ұпайымызды ұтымды түгендей аламыз.
Бәсекеге бәс тігіп, үшінші мәрте жаңғырудың дара даңғылына түскен Қазақстанның кемел келешегі мен баянды болашағын қалыптастыру әрқайсымыздың арқамызға артылған жүк. «Тау баласы тау басына қарап өседі» демекші мемлекетіміз қарыштап, мұзарт шыңдарға ұмтылғанда, барлығымыз бір ауыздан қолдау көрсетсек, нұр үстіне нұр болар еді.
М.Сүлейменов,
аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы,қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі аудандық комиссия төрағасының орынбасары.