
Референдум күні «ТрансОйл» ұжымы №50 сайлау учаскесіне барын өз таңдауын жасады.
Ұжым мүшелері азаматтық белсенділік танытып, бұл саяси науқаннан қалыс қалмай, ел болашағы үшін атсалысу маңызды деп тапқан.
Әр дауыс – мемлекеттің дамуы мен кемел болашағының кепілі.
Бүгінгі белсенділік – тек жеке азаматтық ұстаным емес, сонымен қатар ұжымдық жауапкершілік пен елімізге деген сүйіспеншіліктің айқын көрінісі. Елдің келешегі әрқайсымыздың саналы таңдауларымызға байланысты, сондықтан әр дауыс өте маңызды.
