Электр желілеріне технологиялық қосу

2020 жылғы 23 қыркүйекте № 327 Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығымен Электр желілеріне технологиялық қосу қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) бекітті, ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық департаменті хабарлайды.

Осы Қағидалар «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сәйкес әзірленген. Энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі технологиялық қосу қағидалары дайындалды.

Технологиялық қосу дегеніміз, бұл кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға арналған қызмет көрсету екенін атап өту қажет.

Осы Қағидалар келесі жағдайларға қолданылады:

1) жаңадан іске қосылатын немесе реконструкцияланатын электр қондырғыларын қосу;

2) ең жоғары қуаты 200 кВт-қа дейін ұлғайтылатын бұрын қосылған электр қондырғылары;

3) сыртқы электрмен жабдықтау схемаларын өзгерту;

4) электр қондырғыларын электрмен жабдықтау сенімділігі санатының өзгеруі;

5) электр қондырғыларын қосу нүктесінің өзгеруі.

Қағидаларға сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу үшін энергия беруші ұйымның электр желілеріне технологиялық қосуды жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерді өзіне қабылдайтыны туралы келісім жасалуы шарт. Осы келісім бойынша кәсіпкерлік субъектісі технологиялық қосуға арналған шығындарды төлеуге міндеттенеді.

Технологиялық қосуға арналған барша ақпарат энергия беруші ұйымдардың интернет-ресурсына орналастырылады, ал өтініш беруші мен энергия беруші ұйым арасында туындайтын даулар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі.

Мәліметпен бөлісу: