Энергетиктер күніне Үйгентас электр тораптарының қызметкерлері табысты істерімен келіп жетті. Еңбеккерлеріміз тұрғындар мен мекемелерді электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз етуді өздерінің басты міндеті санайды.

Үйгентас электр жүйесінде аймақты электр қуатымен қамтамасыз ететін 110 кВт-ты 128,9 шақырым, 35 кВт-ты 293,1 шақырым, 10 кВт-ты 335,16 шақырым, 0,4 кВт-ты 358 шақырым электр жүйелері, 9- жоғарғы қуатты ПС, 141 төменгі қуатты қосалқы кешен жұмыс істейді.
7200тұтынушыға жарық беріп, желілердің тоқтаусыз қызмет етуін ұжымдағы 91 қызметкер абыроймен атқарып отыр. Үстіміздегі жылы күрделі жөндеуден 10 кВ-ты желінің 119 шақырымы, 64-төменгі қуатты қосалқы кешені күрделі жөндеуден өткізілді. Бүгінгі таңда барлық желілер мен қосалқы кешендерде белгіленген кесте бойынша күрделі және ағымды жөндеу жұмыстары атқарылды.
Электр қуатын үнемдеуге және оның тиімділігін арттыруға айрықша көңіл бөлінуде. Ел дамуының алғы шарттарының бірі энергетикалық тапшылықты жою болып есептеледі. Мамандарымыз осы мақсатта халыққа барынша сапалы қызмет көрсетуде. Мереке қарсаңында өзінің тыңғылықты ісімен танылып жүрген біраз еңбеккерлеріміздің есімдерін атап өткімкеледі.Олардың қатарында аға шебер А.Казангельдинов, шеберлерС.Айтбаев, С.Садыков, шебер ПС И.Караев, эл/ж К.Осербаев, инженер ГиД А.Мырзабеков, эл/ж Б.Жанпеисов, диспечер В.Гайворонский, тасымалдау Р/С К.Ахаат, К.Кумаров, Ж.Кашаганов, А.Дюсенов, А.Дауленбаев, Ж.Омарбеков, Ж.Канабеков, К.Тумарбаев, С.Атенбеков, А.Арыкбаев, бақылаушылар Ж.Мукашева, Г.Бедельбекова,А.Чалбаева,Б.Иманбаева, В.Архимандрикова, есепші О.Демидова, инженер ПТГ И.Болдырева, оператор А.Шушенькова тағы басқалар басқалар. «Жетісу Энерготрейд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымы да осылармен бірге атсалысып, Е.Ертьяковтың басқаруымен тұтынушылардың есеп айырысу барысының уақытылы жүруіне нақтылы ықпал етуде. Мұндағы инженер Ж.Нұржанова, есепші Г.Есеева, техниктер М.Мамырбаева, А.Батырханова, Л.Асимова өз істерін тыңғылықты атқаруда.

Үйгентас электр тораптарының қызметкерлері халыққа көрсетілетін жұмыстың сапасын арттыру қажеттілігін жете түсініп, «Біздің міндет-халыққа қызмет» деген ұранмен абыройлы, сапалы еңбек етуде. Осы орайдаұжымымды әрі әріптестерімді энергетиктер күнімен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына қуаныш, еңбектеріне жеміс тілеймін. Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті энергетиктер!
О. НУСУПОВ,
Уйгентасэлектржүйесінің басшысы.