Бүгінгі күнге дейін Алматы облысында коронавирустың зертханалық расталған 33 959 жағдайы тіркелген. Ал соңғы тәулікте 300 адам індет жұқтырғаны анықталып отыр. Бұл туралы «Jetisy Media» КММ хабарлайды.
Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,8% — дан 1,0% — ға дейін артты. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл, Балқаш, Ескелді, Қарасай, Қаратал, Кербұлақ, Райымбек, Сарқан аудандарында және Қапшағай қаласында байқалады.
КВИ анықталған 300 жағдайының 49-ы 14 жасқа дейінгі балалар, оқушылар арасында 30-ы және студенттер арасында 3 жағдай тіркелген.
Айта кетейік, өңірге жыл басынан бері вакцинаның 1 компонентінің 634 255 дозасы келіп түсті, оның ішінде — Гам ковидак – 553 745, Хayat Vax-39 500, QazVac-13 010, Коронавак-28 000.
Бірінші компонентпен 572 169 адам егілді, екіншісі – 425 171. Вакциналанғандар арасында – мемлекеттік қызметкерлер – 11 943, медицина қызметкерлері – 23 406, педагогтар – 38 357, созылмалы аурулары бар адамдар (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек – қантамыр жүйесі) – 4486 және басқа да қызмет салаларының өкілдері-447 425 адам.