
1979 жылы 25 желтоқсанда кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстан территориясын әуеде де, жерде де кесіп өтті. Сөйтіп, 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс жүрді. Биыл Ауғанстан жеріне кеңес әскерлерінің енгеніне 45 жыл толып отыр.
Он жылға созылған Ауған соғысында тағдыры тәлкекке түсіп, хабар-ошарсыз кеткендер де, тұтқынға түскендер де көп болды. Соғыс аяқталған тұста олардың саны 417 адамды құраса, одан кейінгі жылдары – 333, ал қазіргі таңда 264 адамды құрайды. Ауғанстанда тұтқынға түскен немесе із-түзсіз кеткендер ішінде 20 Қазақстан азаматы бар. 2012 жылы бұл тізім екі адамға қысқарды.
Ауған соғысында із-түзсіз жоғалғандар мен тұтқынға түскендердің тағдырлары тәлкекке ұшырады. Тірідей табылғандарына тәубе, ал тұтқындағы айуандық азапқа шыдай алмай өлгендері мен беймәлім кеткен боздақтардың тағдыры алаңдатпай қоймайды. Әлі күнге дейін ағайын-туыстары сарыла күтеді. Із-түзсіз кеткендердің бірен-сараны табылғанымен, көпшілігінен хабар-ошар жоқ.
Осы ретте, сұрапыл соғыстың басталғанына 445 жыл толуына орай Алакөл ауданының Ауғас соғысы ардагерлері бас қосып, ескеркішке гүл шоқтарын қойып, қарулас бауырларын еске алды.
Шара барысында аудандық «Ауған соғысы ардагерлері» кеңесінің төрағасы Ө.Қойшыманов батырларын ерлігін, өрлігін тілге тиек етсе, С.Қарабеков қоғамда Ауған ардагерлерінің мәртебесін көтеру жайында сөз қозғады.
Қорыта айтқанда, әскерлерінің соғысқа қатысуы – кеңестік үкіметтің үлкен қателігі. Он жыл бойы көп күш пен қаражатты келешегі жоқ соғысқа жұмылдырды. Осы соғыстың ел экономикасы мен адамзат баласына әкелген ауыр қасіретінен әлем елдері сабақ алса дейміз. Жалпы алғанда, Ауған соғысы тарихтағы ең жантүршігерлік беттердің бірі болып қала береді. Бірақ осы соғыстың саяси, әскери тәжірибесін барынша ескерген жөн. Бұл еліміздің қауіпсіздігі мен бейбіт өмір сүруді қамтамасыз етудің қазіргі және келешектегі міндеттерін ақылмен шешу үшін лайықты дәріс болады. Кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан әкетілуі – шын мәнінде тарихи оқиға. Соғыс ауған халқы мен кеңес әскерлеріне көп рухани жарақат әкелді. КСРО-дан 15 мың адам қаза тапты.
Осы батырлардың ерлігі мәңгілік есте қала бермек.
Өз тілшіміз.