Ернар ерледі

Қазақ күресінен еліміздің басты бәйгесі саналатын «Қазақстан барысы» додасына іріктеу турнирлары мемлекетіміздің түкпір түкпірінде өтіп жатыр. Айдынды ауданымыздың да балуандары боз кілемде күш сынасып, облыстқ сайысқа жолдама алған Ж.Сәкенұлы мен Е.Қабдылдаев Жетісудің бас бөрісі атану үшін барларын салды.

Бұл жолғы бәсекеде Алакөлдің байрағы барлығынан биік желбіреді. Өйткені облыстық додада жерлесіміз, көліктегі полиция департаменті арнайы даярлық басқармасының полиция капитаны  Ернар Қабдылдаев қарсылас шақ келтірмей, «Жетісу бөрісі» атанды.

«Жеңіске жету оңай болған жоқ. Барлық балуандар жүз пайыздық дайындықпен келген. Алайда туған жердің қасиетті топырағы қолдап, Тәңіріміз жебеп, жеңісті Алакөлге алып келдім. Ендігі ретте «Қазақстан барысы» атануға барымды саламын»,- дейді жеңімпаз.

Бізде өз кезегімізде өңіріміздің өр намысын асқақтатып, абыройын еселей түскен Ернарды құттықтай келе, алдағы бәсекеден де олжалы оралуына тілек білдіреміз.

А.АСХАТҰЛЫ.

Мәліметпен бөлісу: