«Есіктен есікке» акциясы аясында

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Асқар Себепов өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстыру және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында өзінің сайлау округіне тиесілі аумақтағы халықпен жолығып, шаңырақтарына ат басын бұрды.

«Есіктен есікке» акциясы аясында қала тұрғындарына 8 желтоқсанда өтетін аудандық мәслихат депутаттарын сайлау науқанына шақырып, халықтың дауысы мен сеніміне ие болған жағдайда бұқара мүддесі үшін атқарар жұмыстарын таныстырды. Жалпы қала тұрғындары бағдарламаға жоғары баға беріп, қолдауларын танытып жатыр.

Қала тұрғындарына сайлауалды бағдарламасын таныстыру мақсатында насихат жұмыстары күн сайын жалғасуда. «Есіктен есікке» акциясы аясында сайлау округіне тиесілі аумақтағы тұрғындармен жолығып, шаңырақтарына арнайы бас сұғып, сенім мен дауыстарына ие болған жағдайда атқарылар жұмыстар тізбегін айтып өтті.

Сонымен қатар қаламызда халық көңілінде жүрген күрделі мәселелерді түртіп, тұрғындардың да көкейіндегі сұрақтарды зерделеп, ой таразысынан өткізді.

Насихат жұмыстары барысында маңызды қызметтердің бірінің тізгінін ұстаған «Алакөл Су» мекемесінің де қызметкерлерімен жолығып, ашық аспан астында сұхбат жүргізді.

(Аудандық сайлау қоры тарапынан төленді)

Мәліметпен бөлісу: