Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: » рухани жаңғыру» атты мақаласында бекітілген «Туған жер» бағдарлама-сының негізінде әзірленген «Айдынды Алакөлім» жобасы аясында өңірімізде біршама игілікті істер атқарылып жатыр. Оған «ZHERSU» корпорациясының төрағасы Б.Оспановтың сауапты бас-кесенесі қайта жаңғыртылды.
Айтулы шараға екі жүзге жуық адам жиналды. Қонақтар сапында әйгілі балуандарымыз Ж.Үшкемпіров пен Н.Теңізбаев, белгілі саясаттанушы Р.Жұмалы, М.Тынышбаев пен Есім төренің ұрпақтары болды.
өрбітсе, өңір басшысы Ә.Жақанбаев жаңғыртылып жатқан рухани байлығымыздың әсіресе жастар үшін маңызды екенін айтты. Себебі, дала ділмарлары атанған дана бабаларымыздың ғибратты ғұмырлары мен игілікті істерін артқы толқынның санасына сыналай сіңдіре білсек ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуіміздің бір жолы осы.
Ауданымыздың, тіпті күллі Қазақстанның сыйлы аза-маты Б.Оспанов бабамыздың жомарт істері жайлы тұщымды мәліметтер берсе, төренің ұрпағы Т.Ахметов арғы атасының еңбегін, қайырымдылығын ескеріп, жатқан жерін жаңғыртқан азаматтарға алғыс айтты.
Ауданның бас имамы Ә.Молдахметов төренің аруағына құран бағыштап, дұға оқыды.
Кесененің ақ шымылдығын ашу құрметі сыйлы қонақтарға бұйырды.
Бала күнінде осы жердің айналасынан шөп орып, төрт түлікке азық қамдаған Б.Оспанов: «Балауса балғын шағымызда кесене маңайында асыр салып ойнап, көкмайсасына аунап жататынбыз. Ауыл маңында да шабындықтар болғанымен, бір тылсым күш осы жерге тартып тұратын. Бұл кісінің жомарттығы, дар-хандығы сондай, тіпті кесенесінің маңындағы шөп бес-алты жасар баланың бойынан асып өсетін. Ғасырды көрген кесене уақыт талабына шыдас бермей күйрей бастағанын көзіміз көріп жүрді. Ұмытуға болмайтын тұлғаның аруағы риза болсын деп күрделі жөндеуден өткізіп, қайта тұрғыздық. Қолданылған материалдар, күйдірілген кірпіштер жел, күн, жаңбыр, ыстық, суық сынды сынақ-тарға өте төзімді», -деді.
Тарихын, ата-баба дәстүрін ұмытпаған халық ешқашан да азбасы мәлім. Өткенге көз жүгірпей болашақты да бағдарлау мүмкін емес. Демек, ат-қарылып жатқан игі шара осы ұрпақтар сабақтастығының, рухани жаңғыруымыздың айқын айғағы болса керек.
А.ЕСЕНБЕКОВ.