Эволюцилық дамудың артықшылығы алапат

«Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа – эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізді» (Н.Назарбаев)

 

Шынымен де, шаң басқан шындық шымылдығын сыпырып тастап, өткеніміз бен бүгімізге көр жүгіртсек революциялық түсініктің жаңғыру процесіне қайшы келетінін, тіпті рухани кемелденуге айтарлықтай кедергі келтіретінін байқаймыз. Осы ретте бізді құтқаратыны – эволюциялық тұрғыда дамуымыз.

Қан төгіс пен қақтығыстар арқылы мәселенің мәйегіне жету мүмкін емес екендігін уақыт сынағы он қайтара дәлелдеп берді. Күні кеше ғана тыныштығы бүлініп, тірлігі бұзылған мемлекеттердің аласапыран күй кешуінің мәніне үңілсек, революциялық сананың сақталып қалуы деп пайымдауға болады. Қоғам болып қару көтеріп, ел ішінде азаматтық соғыс өртін тұтатып, өз қолдарымен іріткі тастады. Тапқандары таршылық, жолыққандары жоқшылық. Жазықсыз жапан даланың төсінде мүрдесі қараусыз қалып, ажал құшқандары қаншама. Сорлаған ана, соры аққан бала.

Осындай кесапаттың кесірі біздің де басымызға қонбауы үшін әрбіріміз жеке тұлға ретінде алдымен эволюцилық тұрғыда дамуды нысан қылуымыз қажет. Бұл, өз кезегінде өзегі өкінішке толып, өз елінде өгей атанған кейбір елдердің кейіпіне енбеуге септігін тигізбек.

Қазақ момын халық болғандықтан, бұл прогреске көп уақыт оздырмай үйреніп кететіндігіне кәміл сенімдімін. Себебі алаш ұрпағының санасы әлі тұмшаланып үлгермеді, рухани түйсігі ашық. Ендігі міндет, Абайша айтсақ, қолымызды мезгілінен кеш сермемей, осы мүмкіндіктің етегінен тартып үлгергеніміз жөн. Қазақстанның болашағы баянды, келешеі кемел. Соны сақтап қалудың бірден-бір бағдарлы бағыты эволюцилық дамудың дәрегейін бағындыру. Қалғаны уақыт еншісінде.

АЛМАТ ЕСЕНБЕКОВ.

Мәліметпен бөлісу: