Газ құбыры жүргізілуде

Алакөл ауданында 2030 жылға дейінгі перспективасы бар Жетісу облысын кешенді газдандыру өңірлік схемасына сәйкес “Талдықорған-Үшарал” магистральді газ желісі құрылысы жүргізілуде.

Жобаға сәйкес, газ құбырының ұзындығы 302 шақырымды құрайды. Оның ішінде, аудан көлемінде 81 шақырымға газ құбырының құрылысы атқарылатын болады.

Құрылыс жұмыстары жоба негізінде барлық нормативтерді сақтай отырып жүргізілуде. Жоба 2024 жылы басталып, 2026 жылдың аяғында аяқталу жоспарлануда.

Сонымен қатар, жеке инвестициялар есебінен Ақсу, Сарқанд, алакөл аудандарындағы 66 елді-мекеніне газ құбырын жобалау сметалық құжаттары әзірленуде. Аяқталу мерзімі 2025 жылдың қыркүйек айына дейін жоспарлануда.

Сараптама қорытындысының нәтижесі жарияланған соң, газ құбырын тарту құрылыс монтаж жұмыстарына тиісті мекемеге бюджеттік өтінім жолданатын болады.

Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Қуандық Мұхаметқалиев

Ведется газопровод

В Алакольском районе ведется строительство магистральной газопровода “Талдыкорган-Ушарал” в соответствии с региональной схемой комплексной газификации области Жетісу с перспективой до 2030 года.

Согласно проекту, протяженность газопровода составит 302 километра. В том числе, в районе будет выполнено строительство газопровода на 81 километр.

Строительные работы ведутся на основе проекта с соблюдением всех нормативов. Проект стартовал в 2024 году и планируется завершить к концу 2026 года.

Кроме того, за счет частных инвестиций разрабатывается проектно-сметная документация на газопровод в 66 населенных пунктах Аксуского, Саркандского, Алакольского районов. Срок завершения запланирован до сентября 2025 года.

После опубликования результатов экспертного заключения в соответствующее учреждение будет направлена бюджетная заявка на строительно-монтажные работы по прокладке газопровода.

Заместитель акима Алакольского района Куандык Мухаметкалиев

Мәліметпен бөлісу: