Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 13. 08. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Гендерлік теңдікті дамыту

Алакөл ауданында Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының индикаторларына қол жеткізу аясында халықтың өмір сүру сапасын жоғарылату, кепілдендірілген медициналық көмектің көлемімен кеңінен қамту, әлеуметтік жағынан көмек көрсету, құқықтық сауаттылықты арттыру, әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамыту, көшбасшылық қабілеттерін арттыру, мемлекеттік органдарда басшы әйел азаматтардың санын арттыру шаралары қолға алынған.
Аудан бойынша 73013 халық бар. Оның ішінде 49,7% әйел азаматшалары құрайды.
Аудандағы жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілердің саны – 200 бірлікті құрайды, оның ішінде әйелдер – 102.
Ауданда 25 жергілікті атқарушы билік органдары бар, оның ішінде 4 мемлекеттік органды әйелдер басқарады. Атап айтсақ, аудандық бөлім басшылары — 2, басқарма басшылар — 2. Сондай — ақ, облыстық мәслихат депутаты — 1, аудандық мәслихат депутаты — 4.
Қазақстанда әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында бірқатар заңнамалық өзгерістер енгізілді. Қазақстанда әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтетін жаңа заң 2024 жылғы 15 сәуірде қабылданып, 16 маусымда күшіне енді.
Заңға сәйкес, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік арттырылды, оның ішінде психологиялық және физикалық тұрғыдағы зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленген.
Бұл заң бойынша 3 өзгеріс қарастырылған:
1. Әкімшілік жазаны қылмыстық жазаға ауыстыру: Бұрын әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қарастырылған отбасындағы зорлық-зомбылық қылмыстық құқық бұзушылық санатына енгізілді. Бұл өзгеріс агрессорларға қатаң жазаның қолданылуына жол ашады.
2. Жәбірленушінің арызысыз тергеу: Енді жәбірленушінің арызы жоқ болса да, полиция зорлық-зомбылық фактісі бойынша тергеуді бастай алады. Бұл жерде айғақтар ретінде көрші және туыстарының куәліктері мен бейнемазмұн пайдаланылады.
3. Психологиялық көмек: Қылмыстық құқықбұзушылық жасаған агрессорға сот психологиялық көмек көрсету міндетін жүктей алады. Ол үш айдан бір жылға дейін болуы мүмкін.
Бұл заңнамалық өзгерістер мен құжаттар әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ отбасылық және гендерлік саясатты жетілдіруге бағытталған маңызды қадамдар болып табылады.

Алакөл ауданы әкімінің орынбасары М.Төлеужанов

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov