Үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде


Ынталы ауылдық округі әкімі лауазымына үміткер Дәулет Орынбаев аталған елді мекенде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.


Кандидат ретінде ауылдағы еңбек ұжымдарымен жолығып, нақты сол салаға байланысты сұрақтар мен сауалдар, ұсыныстар төңірегінде пікір алмасты.

Әсіресе, білім саласындағы өзекті мәселелер, денсаулық саласындағы проблемалар бойынша ой бөлісіп, өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Бұдан бөлек «Есіктен есікке» акциясы аясында ауыл тұрғындарымен жекелей және жалпы жиындар өткізіп, ауылдағы өзекті мәселелер төңірегінде ой қорытты.


Тұрғындар сайлауалды бағдарламаға жақсы баға беріп, жылы ниеттерін білдірді

Мәліметпен бөлісу: