Екпінді ауылдық округінің әкімі лауазымына үміткер Б.Оразалинов өзінің сайлауалды бағдарламасын насихаттау және халықтың дауысы мен сеніміне ие болу мақсатында үгіт жұмыстарын жалғастыруда.
Ең алдымен ауылдың арда ақсақалдарының, ақ жаулықты әжелерінің баталарын алып, округтің дамуына қажетті жұмыстар легін талқылады. Сондай-ақ, «Есіктен есікке» акциясы аясында тұрғыдармен жекелей жолығып, үлестірме материалдарын беріп, бағдарламасының басым бағыттары бойынша түсіндірме жүргізді.
Ауылдағы сауда орындарын, білім ошақтарын, шаруашылықтар мен кәсіпкерлік нысандарын да аралап, осы салалар бойынша ауылда қандай мәселелер бар, олардың шешу жолдары мен міндеттері жайлы сөз қозғады.
Өз сөзінде халық сенім білдірсе округтің өркендеуі үшін қызмет етуге әзір екендігін жеткізді.