Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті 2022 жылғы 1 наурызда Халықаралық Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу аясында Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізілетінін хабарлайды. Тексеру барысында сағат 10:00-де электрдабылдар, дабылды-сөйлеу құрылғылары және дауыс ұлғайтқыш қондырғылар қосылады.
Сонымен қатар, Алматы облысының ТЖД Сіздерге төтенше жағдайлар туындаған жағдайда электрдабылдардың қосыу кезіндегі тәртіп ережелерін еске салады.
Егер дабыл кезінде үйде болсаңыз:
- радио және теледидарды қосыңыз;
- шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;
- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.
Егер дабыл кезінде далада болсаңыз: - көшедегі дауыс ұлғайтқыштар мен жылжымалы хабарлау құралдары арқылы берілетін шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;
- берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.
Барлық іс-шаралар халықтың табиғи және техногендік сипаттағы қандай да бір қауіпті факторлардың туындау қатері, сондай-ақ дабыл бойынша іс-қимыл тәртіптері туралы хабардар болуын арттыруға бағытталған.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі