Аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында өңір басшысының орынбасары А.Ахановтың төрағалығымен 2020 жылы өтетін халық санағына арналған семинар өтті. Оған жергілікті округ әкімдері мен қызметкерлері, тиісті бөлім, мекеме басшылары қатысты.
Шараның шымылдығын
ашқаноблыстық статистика департаменті басшысының орынбасары Д.Молдағұлова
санаққа қажетті қызметтік құжаттарды реттеу мен рәсімдеу жолын түсіндірді.
Облыстық статистика департаментінің халық санағы бөлімінің басшысы Л.Симонова бұл
жауапты іске деген дайындықты ұйымдастыру бойынша өзінің ой-пікірін жеткізді.
Ал облыстық статистика департаментінің тіркелімдік басқармасының басшысыМ.Исаева халық санағын өткізуде мекенжай тіркелімдерін өзектендіру үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесе атқаратын жұмыстар жайлы хабардар етті.
Өз тілшіміз.