Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Әділетті Қазақстан құру жолындағы басты міндеттердің бірі – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету екендігін білеміз. Өйткені елдің әрбір азаматы өз өмірі мен денсаулығы, табысы мен мүлкінің қауіпсіз екенін сезінуге тиіс.
Қоғамдық қауіпсіздік – әр дамушы мемлекеттің басты қағидаттарының бірі. Қауіпсіздік – адамның жетекші қажеттіліктерінің бірі. Қауіпсіздік сезімінсіз адамның толыққанды өмір сүруі және оның жеке басының дамуы мүмкін емес.
Мемлекеттік деңгейде елдегі қауіпсіздік және құқықтық тәртіп мәселесі назардан тыс қалған жоқ. Мәселен, 2023 жылдың басында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы әзірленді. Тұжырымдаманы дайындаумен мүдделі мемлекеттік органдарды, жұртшылықты, ҮЕҰ, ұлттық және халықаралық сарапшыларды тарта отырып, ҚР ІІМ айналысады.
Алайда қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне қоғамның әрбір мүшесінің рухани мәдениетінің деңгейі әсер ететінін атап өткен жөн. Мұнда құқықтық мәдениет – оның құрамдас бөліктерінің бірі, ол мәдени және құқықтық тәрбие мен оқыту жүйесінің әсерінен қалыптасады.
Жаңа заманның сұранысына сай қауіпсіз қоғамда ғұмыр кешуді барлығы да көздейді. Ал қауіпсіздікті ең алдымен мемлекет қамтамасыз етеді. Бұл ретте атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес, алайда әлі де қолға алар іс мол.
Ж.ЖЫЛҚАЙДАРОВА,
Алакөл аудандық сотының жетекші маманы.