Халықтың сөзіне құлақ асты

Өңір басшысы Ә.Жақанбаев үйреншікті үрдіс бойынша аудан халқын қабылдап, жұртшылықтың көмейінде іркілген арман-тілегіне, мұң-мұқтаждықтарына құлақ асты.

Тиісті бөлім, мекеме басшыларын бастаған аудан әкімі әр келушінің сөзін мұқият тыңдап, мәселенің мәнін, түйінін шешудің жолдарын көрсетті.

Қабылдауға келгендердің көбі бір бөлмелі болса да баспана бұйырса екен деген азаматтар. Пәтерден пәтер ауыстырып, біреудің қолына қараудан жалыққан олар үй алудың тиімді әрі ұтымды жолдарын сұрап, мемлекеттік бағдарламалардың барысын түсіндіруді сұрады. Бұл ретте Үшарал қаласының шығыс беткейінде көп қабатты тұрғын үйлер салынып жатқандығы, және тізім бойынша баспаналар табысталатыны айтылды.

Сонымен қатар әлеуметтік жәрдемақы, жұмыс мәселесі, жер, құжат рәсімдей сынды істермен де жүгінгендер болды. Аудан әкімі тиісті басшыларға тапсырма беріп, халықтың сұранысына қарай қызмет қылуды тапсырды.

Н.МАҚСАТҰЛЫ.

Мәліметпен бөлісу: