“I loveTaldykorgan”: Талдықорған туралы алғашқы мюзикл көрерменге жол тартты

Талдықорған қаласының “Атамекен” кинотеатрында облыс тарихындағы тұңғышмюзикл”I love Taldykorgan”филімі примералық көрсетілімі өтті. Аталмыш фильм, салауатты өмір салтымен Жетісу өңірінің туризмін насихаттайды – деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жаңа мюзиклдің тұсаукесеріне облыс әкімі Амандық Баталов қатысып, туындыдан алған әсерімен бөлісті.

«Алматы облысының көркем табиғатын, әсем шаһарларын, тарихи киелі мекендерін, жасампаз жастарын барша Қазақстанға және шет елдерге де танытатын, осымен үшінші фильм жарыққа шығып үргерді. Бүгінгі мюзикл жанрындағы туынды өзгеше, жаңаша.  Ең басты қуантатын жәйт ол, осындай жауапкершілігі мол, жоғарғы сапаны талап ететін жұмысты жастардың алып жүруі. Облысымызда осындай талапты да талантты жастар көбейе берсін », – деді өңір басшысы.

          Ұзақтығы 50 минутқа жалғасқан туындыда жас қаланың жаңаша дамуы мен  мейірімді де жасампаз халқы барынша көрсетілген. Оның сюжеті, ағайынды екі егіздер Жеңіс пен Толиктің тағдыры жөнінде өрбіген. Толик- құмар ойындарға әуес, алаяқ және қарызға белшесінен бастқан.  Жеңіс –табысты, білікті хирург дәрігер, оны АҚШ мемлекетіне жұмысқа шақырған. Штатқа кетер алдында ол, Талдықорғандағы он жасар қарындасымен көрісіп, оны өзімен алып кетпекші болады. Бірақ, ол өзін бұл қалады күтпеген қызықтар күтіп тұрғанын әсте сезбейді.

– Біз көрермендерді ерекше сюжетпен, ғажайып орындармен, тамаша актерлік ойындармен, әдемі әндермен және әсерлі билермен бір толқында ұстап тұруға тырыстық, – дейді атқарушы продюсер А. Абілов.

Қысқа метражды мюзиклдің режиссері Ерлан Ушақпаев, сценарий авторлары Ерлан Ушақпаев, Медет Құрманов және Аділбек Абілов,сюжет авторы Әділет Жұмабек  жұмыс істеген. Егіздер рөлінде – Ерік Хамидулаев, музыкалық ұстаз – Карина Жумалиева, қарындастың рөлінде – Адэма Нұрлан сомдаған. Сондай-ақ,мюзиклде белгілі қазақстандық актерлер Бексұлтан Қазыбек пен Аян Төлепберген ойнаған.

Естеріңізге сала кетейік, жақында режиссер Ерлан Үшақпаев пен продюсер Аділбек Абілов роуд-муви “Welcome to Zhetysu” атты фильм презентациясын ұсынған болатын. Кезекті фильм олардың 3 –ші туындысы.

Режиссер Ерлан Үшақпаевтың айтуынша олар мұнымен тоқтап қалмақ емес, осы жылы да облыстың кино қорын тарихи кино туындымен толықтырмақ.

                                                          Меруерт МАХМҰТЖАН

Мәліметпен бөлісу: