Игі жақсыларымызбен мақтанамыз

Елбасымыз Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында мемлекетіміз үшін таяу келешекке маңызды міндеттер жүктеді. Соның бірі – «Жүз жаңа есім» жобасы.

Бағдарламаның басты мақсаты – ширек ғасырлық тарихымызда Қазақстанның дамуына, өркендеуіне, өрлеуіне елеулі үлес қосқан азаматтардың есімін анықтап, ақпараттық сүйемелдеу арқылы бұқара арасында барынша танымал ету, насихаттау. Президентіміздің «Мен бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынамын. Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн. Еліміздің Тәуелсіздік жылнамасы жазыла бастағанына небәрі 25 жыл болды. Бұл – тарих тұрғысынан қас-қағым сәт десек те, еліміз үшін ғасырға бергісіз кезең… Шын мәнінде, Қазақстанның әрбір жетістігінің артында алуан түрлі тағдырлар тұр. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады»,- деген сөзі еліміз үшін тер төккен тұлғалар еңбегінің қаншалықты маңызды екендігін айғақтап тұр.

Ұлт көшбасшысының рухани жаңғыруға бағытталған тапсырмаларын жүзеге асыру үшін өңірімізде арнайы жұмыс топтары құрылған болатын. Солардың қатарында аудандық кітапхананың қызметкерлері де бар. Олар Президенттің жүктеген міндетін тапсырмасынсапалы орындау ниетіндегі жұмыстарын айтылған санаттарға сай келетін азаматтарды іріктеуден бастады.

Болашағы зор жоба төңірегінде айшықты жұмыстап атқарып жатқан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Г.Жексембаева: «Зайырлы, тең құқықты, демократиялық мемлекетте өмір сүріп жатқандықтан жоба ұлтқа, ұлысқа, дінге, түрге бөлінбейді. Түрлі салада жетістікке жеткен, еліміздің қарқынды дамуына және жалпы мемлекеттік міндеттерді шешуге ықпал еткен 25 пен 50 жас аралығындағы 20 үміткерді анықтап, тізімінТалдықорған қаласындағы Қазақстан халықАссамблеясына жібердік. Олар сол азаматтардың аталмыш мәртебеге лайықтығын анықтап, «100 жаңа есім» қатарына қосады. Бұл тек жеке тұлғаның жетістігін анықтау ғана емес, аудан абыройын асқақтату. Негізгі жүктелген жұмыстарды 2018-2019 жылдың алдыңғы жарты жылдығында аяқтау жоспарда бар. Сонымен қатар айдынды Алакөліміздің 90 жылдық мерейтойына тарту ретінде еңбегімен елге танылған, абыройлы мәртебеге лайық азаматтардың есімдері енгенэнциклопедияны жарыққа шығармақпыз»,- деп алдағы жоспарларымен бөлісті.

«Жүз жаңа есім» жобасы аты айтып тұрғандай, елімізге әлі танылып үлгермеген, сан түрлі саланың тізгінін ұстаған білікті, прагматизшіл азаматтардыңесімін, ісін асқақтату, сол арқылы кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетілмек. «Жақсының жақсылығын айтып, нұрын тасытатын», жалпақ жұртқа мақтан болатын жерлестеріміз шүкір жетерлік. Олай болса, тек алға!

А.ИМАНАСОВА.

Мәліметпен бөлісу: