Өңірлік кадр резервіне іріктеу аяқталды


Жетісу облысында өңірлік кадр резервіне іріктеу аяқталды. Комиссия отырысының шешімімен 20 маман өңірлік кадр резервіне сәтті өтті. Олардың 12-сі әлеуметтік, 3-уі экономика және қаржы, 2-уі агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары болса, цифрландырудан 2, индустрия және өнеркәсіп саласынан 1 азамат бар.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Қобылан Тоқбергенұлының айтуынша, резервіне кіруге өңірдің 570-ке жуық тұрғыны құжаттар тапсырған. Оның ішінде 300 адамның құжаты қабылданып, тестілеу кезеңіне жіберілді. Іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі жəне үш жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары жіберілген.
Іріктеуден өткендер екі жыл ішінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына тағайындала алады. Айта кетейік, аталған жобаның мақсаты — прогрессивті және белсенді жас басқарушылар пулын қалыптастыру, аймақты дамыту бойынша жұмысқа талантты және белсенді жастарды тарту.

Мәліметпен бөлісу: