
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша іс-қимылға Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ қысқы-көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларға басқару органдарын, азаматтық қорғаудың күштері мен құралдарын ден қоюға дайындау бағытында аудан аумағында «Көктем-2025» Республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуы өткізілді.
Төтенше жағдайларды жоюға 98 қызметкер, 38 арнайы бірлік техника жұмылдырылды.
Оқу-жаттығу барысында Үшарал қаласындағы су тасу қауіпі бар деп танылған Тентек өзеніндегі «Қозбақ» телімінің 100 метр қорғаныс дамбасы қалпына келтірілді.
Сонымен қатар, оқу-жаттығулар шеңберінде, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, аудандағы жалғыз басты, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ауласындағы қарды тазалау жұмыстарын атқарды.
Айта кету керек, аталған іс-шараның мақсаты 2025 жылғы қала аумағын су басу қаупі бар аймақтардағы төтенше жағдайларды алдын алу және жою кезіндегі алғашқы іс-әрекеттерді пысықтау.