Күрделі ота жасалды


Дәрігерлік жол – бұл алтарыс-бұлтарысы мол, қиындыққа толы сапар. Тек өз ісінің маманы, нағыз дәрігерлер ғана бұл сапарда бағытынан жаңылмайтыны да рас.
Бір қуантарлығы өзі ісіне жүрегімен беріліп, халық денсаулығының сақшысы болып отырған ақ халатты абзал жандар бізде де баршылық. Тіпті алып қалалар мен шет елдерде жасалар отаны да игергендер бүгінде елге еңдегін сіңіріп отыр.
Жуырда ғана аудандық орталық ауруханаға ауыр хәлде науқас түсіп, тексеру нәтижелерінде өтінде үлкен тастар бар деген диагноз қойылған. Шұғыл әрекеттер қолға алынып, білікті дәрігерлер ота жасауды қолға алды.
Нәтижесінде өздерін талай уақыттан бері тәжірибелі медицина саласының майталмандары ретінде таныта алған Талғат Дәулетұлы, Жандос Қасымханұлы, Олжас Маратұлы мен анестезилог медбикелер, орта мебдикелер отаны сәтті аяқтады.
Науқастың қазіргі жағдайы ойдағыдай, жансақтау бөлімінде ем алуда. Дәрігерлер тарапынан барлық жағдайлар жасалынып, оқыс оқиғаларды болдырмаудың қамы жасалған.
Ота ауыр өткенімен, білікті мамандардың арқасында тағы бір адамның өмірі құтқарылды. Өлім мен өмірдің арашашысы болып жүрген осындай азаматтарға айтар алғысымыз да мол.
(Фотода науқастың өтінен алынған тастар көрсетілген)

Мәліметпен бөлісу: