«Күш атасы – Қажымұқан» атты мықтылар жарысы өтті

2026 жылғы 22 маусым күні Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Бескөл ауылдық округінде ауыл және аудан азаматтары арасында «Күш атасы – Қажымұқан» атты мықтылар жарысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.

Жарыс барысында қатысушылар өз бақтарын төмендегі спорт түрлері бойынша сынады:

  • ⚜️ Қол күрес;
  • ⚜️ Гір тасын көтеру;
  • ⚜️ Арқан тартыс.

Сайысқа ауыл және аудан тұрғындары белсене қатысып, күш-жігерлерін, ептіліктері мен спорттық шеберліктерін паш етті. Жарыс тартысты өтіп, қатысушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және ұлттық спортты дамытуға зор үлес қосты.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен, медальдармен, кубоктармен және арнайы ақшалай сыйлықтармен салтанатты түрде марапатталды.

Осындай игі іс-шаралар жастарды спортпен тұрақты айналысуға ынталандырып, бұқаралық спорттың дамуына және ел бірлігінің нығаюына өз үлесін қосады.

Мәліметпен бөлісу: