Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 15. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Көшбасшы арулар бас қосты


Қоғамдық қалыптасу үрдісіне үңіліп, қарт тарихтың қойнауына бір назар салсақ жалпылама әлемдік прогреске, соның ішінде ел болып түзілу барысына ерлердің қосқан үлесі басым дегенімізбен, нәзік жандылардың да айтулы істерде айрықша орын алатынын аңғарасыз. Осыдан тамыр тартсақ, даму даңғылымыздың даралық пен даналыққа толы болуына әйел азаматтар да ерекше белсенділік танытқан. Оған өнегелі өткеніміздің өзі толықтай куәлік ете алады.

Дәуір дидары өзгерген кезеңде адамзатты алға сүйреу процессіндегі ауыр салмақ ер мен әйелдің иығына бірдей түсіп тұр. Кезіндегі кер-тартпа саясаттың салқыны кей азаматтардың санасында әлі де әңгір таяқ ойнатып, әйелдің орны асхана мен ошақ қасында дегенге тірейді. Алайда, қолынан іс келер нәзік жандының нағыз жұмысқа араласуына ешкім де кедергі келтіруіне құқы жоқ. Себебі, зайырлы елдің заңнамалық принциптерінде барлығына да тең мүмкіндік берілген. Жыныстық ерекшеліктер ескерілмейтін заманда өмір сүріп жатқанымызды ұмытпасақ жөн.

Қай саланы алсаңыз да әйелдің көркем қолымен көркейіп кетері жасырын емес. Ақылға салсаңыз, табиғи айырмашылықтардан құрыш құйып, тау-кен ақтарып, жер төңкеріп жан беретін жұмыстарда қыз баласының саны некен-саяқ. Керісінше, ұлттық мүддеге көзделген ұрпақ тәрбиесінде, денсаулық сақтау саласы, әлеуметтік маңызды міндеттерді атқаруда арулардың үлес салмағы орасан. Бұл – табиғи құбылыс.

Әйелдер қауымына барынша қолдау көрсету, олардың бастамаларын көтеру, дамыту – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі.

Осы ретте 16-18 тамыз күндері аралығында Ақши ауылындағы «Жалын» лагерінде «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ, «Jetisu jastary» КММ-ның ұйымдастыруымен Жетісу облысының көшбасшы әйелдерін оқыту бойынша «Tomiris» жобасы түңлігін түрді.

          Жоба аясында, облысымыздың белсенді 50 әйел азаматтарының қатысуымен олардың көшбасшылық әлеуетін арттыруға арналған                  5 түрлі бағытты қамтитын 3 күндік оқыту курсы өтті. Спикерлер қатарында: Жетісу облысының маслихат төрағасы — Гүлнар Тойлыбаева, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Білте» қоғамдық қорының президенті — Мақпал Мыса, Жетісу облысы әдістемелік орталығының әдіскері, психолог — Талшын Жанабекова, облыстық мәслихат депутаты, «Алматинские краски» ЖШС директорының орынбасары — Римма Салыкова, шешендік өнер мен көшбасшылық бағыт бойынша коуч-тренер — Ержан Дәулетбаев болды.

          Қатысушыларға арнайы әзірленген блокнот, эко пакет, бейджик, қалам, папка жабдықтары және курсының соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Жобада өз әлеуетін, өмірлік маңызды дағдылары мен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, бастамашыл идеялар мен жобаларды іске асыруға мүдделі 18 жастан 35 жасқа дейінгі әйел азаматтары шақырылды. 

Жобаның басты мақсаты әйелдердің облыстық саяси өмірге белсенді қатысу мүмкіндіктерін кеңейту үшін көшбасшылық дағдыларды үйрету арқылы әйел азаматтарының әлеуеттін арттыру, саяси, әлеуметтік-экономикалық өмірге белсенді тарту мүмкіндігін кеңейту болды.

«Аталған шара бізге көп көмек көрсетті. Үш күн шамасында өзімізге, кәсібімізге, жалпы жан-жақты дамуымызға қажетті біраз мағлұматтарды бойымызға сіңірдік. Әйелдерге осылай көмек көрсетіп, біздің барынша белсенді, әсіресе көшбасшы болуымызға жол ашып жатқан ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз. Шара барысында көптеген достар таптық, тәжірибе алмастық, осы дағдыларды алдағы уақытта өзіміздің өмірлік және кәсіптік жолымызда қолданамыз деген сенімдемін»,- дейді, семинар қатысушысы Гүлминұр Мұратбек.

Алакөл ақпарат.

Мәліметпен бөлісу:

  • WhatsApp
  • Twitter
  • ВКонтакте
  • WhatsApp
  • Одноклассники
  • РњРѕР№ РњРёСЂ

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov