Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 04. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Көшбасшылар марапатталды

Облысымыздағы он алты аудан ішінде үздік үштіктің сапына енген айдынды өңіріміз үшін тауық жылы табысты аяқталғаны белгілі. Таң бозынан тірлік қамын күйттеп, ымырт түскенше тыным көрмеген жұртымыз еңбегіне қарай өтеуін де молынан жинады. Ауданымыздың тұғырының тіреуіне айналған қай салаға назар аударсақта ілгерілеулерді көзіміз шалады.

Қақаған қаңтардың бірінші жұлдызынан басталып, ызғарлы желі өңменіңнен өткен желтоқсанның отыз бірінен тәмамдалған тауық жылын қорытындылап, жеңісіміз бен жетістігімізді, өрлеуіміз бен өркендеуімізді түгендеу және ауданның әлеуметтік-экономикалық һәм рухани дамуына елеулі үлес қосқандардың үздіктерін іріктеу мақсатында өңір басшысы Ә.Жақанбаев салтанатты қабылдау өткізді.

Оған алакөлдің айтары бар азаматтары, лауазымды тұлғалары, жергілікті округ әкімдері, мекеме, кәсіпорын, құқық қорғау органдарының, әскери бөлімдердің басшылары, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Аудан әкімі жиналғандарды төрімізге озған төбет жылымен құттықтап, бағындырған белестеріміз бен қол жеткен жетістіктерімізге тоқталып өтті.

Ширек ғасырлық тәуелсіз тарихымыздың қалыптасуына алакөлдіктердің де қосқан үлесі орасан зор. Білім, өнеркәсіп, өнер, шығармашылық, ғылым, шаруашылық, біздің аяқ баспаған саламыз кемде-кем. Бұл өз кезегінде ауыл-абанның ғана емес, күллі республикамыздың қарқынды дамуына септігін тигізгені анық. 2017 жылға барлық бағыттар бойынша жоспарланған жұмыстар толығымен жүзеге асты. Сәні мен сәулеті астасқан ғимараттар бой көтеріп, көптеген жаңа жұмыс орындары ашылды. Жыл басында белгіленген межелерді жүз пайыздан асыра орындадық. Бұның барлығы әлеуметтің әлеуетінің еселеніп, халықтың хал-ахуалының жақсаруына тірек болды.

Қабылдаудың соңында өз саласының көші бастаған үздіктер іріктеліп, аудан әкімінің арнайы сыйлығы мен Алғыс хатымен марапатталды. Атап айтсақ: бас қаламыздың басшысы М.Сайдильдинов «Жыл әкімі», аудандық қаржы бөлімінің басшысы Ж.Көкенова «Жыл басшысы», Ф.Абузяровтың жетекшілігіндегі бал цехі «Үздік кәсіпорын», А.Ахметқалиев басшылығындағы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы «Үздік мекеме», М.Торайғыров «Ауыл шаруашылығының үздігі», Т.Алтыбаев «Жыл демеушісі», «Парасат» балабақшасының басшысы А.Жумкеева «Үздік жеке кәсіпкер», А.Батырғалиев «Жыл өнерпазы», Ж.Болатханұлы «Үздік спортшы», Е.Жуанышбаев «Туған жерге тарту» жобасынынң үздігі атанды.

Артынша аузы дуалы ақсақалдар, әр саланың өкілдері, лауазымды азаматтар сөз сөйлеп, ауданымызда атқарылып жатқан істерге оң бағаларын берді.

Жаңа жылдың құрметіне жайылған мерекелік дастархан барысында айтылған ән мен тартылған күй жиналғандарға ұмытылмас думан сыйлады.

АЛМАТ ЕСЕНБЕКОВ.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov