Кәсіпкерлермен кездесті

ҚР Президенті «Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасын» және де басқа бағдарламаларды қалыптастыру жөнінде тапсырма бергенін білеміз. Осыған орай Бірыңғай кешенді бағдарлама да дайындалған. Бағдарламаны түсіндіру мақсатында облыстық Даму Қоры орталығы өкілі арнайы келіп, кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

Семинар кеңеске, «Аманат» партиясының хатшысы, Алакөл ауданы бойынша кәсіпкерлер палатасы, аудан кәсіпкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 30-дан аса кәсіпкер жаңа бағдарламаның анық-қанығын білу үшін арнайы келген.

Облыстық Даму қоры орталығының өкілі Көркем Серікбайқызы Тауханова кәсіпкерлердің несие алуы және оған қордың көмегі туралы баяндама оқыды. Түсінгенімізше, бүгінде қор Kaspi bank пен Home Credit Bank банктен басқа барлық екінші деңгейлі банкпен келісімге келген. Сол банктерден Даму қорының бағдарламасы арқылы несие алған кәсіпкерлердің белгілі бір пайызын қор төлейді. Ол үшін кәсіпкерлер қажетті құжатты түгел жинап апаруы тиіс. Қаржы қолға берілмейді, тек келісімшарт жүзінде жұмсалатын жерге төленеді дейді қор өкілі.

Баяндама аяқталған соң, кәсіпкерлер сұрақ қойып, бағдарламаның анық-қанығын білуге тырысты. Бірі құжат бастылық кәсіпкердің көп уақытын алады десе, енді бірі пайыз мөлшері көңілге қонымсыз деді.

Айта кету керек, Даму қорының бағдарламасы туралы білу үшін, ресми әлеуметтік желісіне кіріп, болмаса сонда көрсетілген телефон нөміріне қоңырау шалу керек.

А.СҮЛЕЙМЕН.

Мәліметпен бөлісу: