Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 22. 07. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Кәсіподақ конференциясы өтті

Жуырда Үшарал қалалық әкімдігінің мәжіліс залында Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Алакөл аудандық комитетінің есеп беру – сайлау конференциясы өтті. Конференция жұмысына Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымының төрағасы С.Әбдіқадіров және 64 делегат қатысты.

Кәсіптік одағының аудандық комитетінің төрағасы К.Алпыспаев өзінің есептік баяндамасында: «Конференция Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жариялау кезеңінде өтіп отыр. Басты қуантатын жайт — 2019 жылы мұғалімдер статусы бойынша заң қабылданатын болды және бұл жыл жастар жылы болып белгіленді. Ол дегеніміз білім саласындағы жас мамандарымыздың әлеуметтік жағдайы бұрынғыдан да жақсарта түсуге мол мүмкіндік бермек»,- деп атап өтті.

Келесі кезекте тексеру комиссиясының төрайымы Қ.Заманбекова атқарған жұмыстары хақында баяндама оқыды.

М.Төлебаев атындағы орта мектебінің директоры С.Садиева, Теректі орта мектебінің директоры Н.Ластоверов, Бескөл №14 орта мектебі бастауыш ұйымының төрайымы Р.Марқаева өздерінің есеп беру – сайлау конференциясына байланысты жылы лебіздерін білдіріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Аудандық комитет жанынан құрылған жастар Кеңесінің төрағасы Ж.Маусымбекова Елбасы Жолдауында жастарға қатысты жобалар мен бастамаларды ескерусіз қалмағанын және келер 2019 жыл –«Жастар жылы» деп жарияланатынына ризашылығын білдірді.

Жиын соңында Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық Ұйымының «Құрмет» грамотасымен  бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағалары Г.Жергекбаева, А.Есжанова, Г.Досымханова, А.Мұсабеков, Ф.Токпаева, Қазақстандық салалық кәсіподақ ұйымының «Құрмет» грамотасымен А.Абдрахманова, ескерткіш қол сағатымен С.Кислицин ардагер, зейнеткер және Р.Мукамадиева марапатталды. Білім және ғылым қызметкерлері Қазақстандық салалық кәсіподақ ұйымына сіңірген еңбегі үшін аудандық кәсіподақ ұйымының ардагері, зейнеткер С.Қабдолдаеваның кеудесіне күміс төс белгі тағылды.

 

М.НҰРҚАСЫМОВА.

 

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov