«Кедентранссервиске» жиырма жыл

Жуырда «Кедентранссервис» АҚ-ның құрылғанына 20 жыл толуына орай Достық ауылдық округінде футбол, волейбол, қол-күрес, гір тасын көтеру және қазақ күресі сынды спорт түрлерінен дүбірлі дода ұйымдастырылды. Оған темір жол қызметкерлері, мектеп ұжымы, әскерилер және өзге округтардан құрамалар қатысты.

 

Командалардың барлығы жіті дайындықпен келгендігін алғашқы ойындардан-ақ көрсетті. Қатысушылар көптеп жиналуына байланысты талас ұзаққа созылып, көрермендер де бір жасап қалды.

Жарыстың қорытындысы бойынша футбол ойынында «КДТС-1» бірінші, «Үшарал» құрамасы екінші, «КДТС-2» командасы үшінші орынға жайғасты.

Сарыала доптың шаңын қаққан волейболшылар арасында «ПЧ-43» құрамасы үздік шықса, екінші және үшінші орындарды «Достық» орта мектебінің ұжымы мен «Кедентранссервис» АҚ-ның командасы өзара бөлісті.

Қол жекпе-жегінде Достық станциясы ішкі істер желілік бөлімінің сержанты Ж.Жарасов, гір тасын көтеруде осы мекеме қызметкері, майор М.Жүнісов, қазақ күресінде «Кедентранссервис» АҚ-ның Достық станция филиалының аға диспетчері Ж.Өтеғұлов бас жүлдені тақымға басты.

Барлық жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

А.САРСЕНБАЕВА,

Достық ауылдық округіның жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы.

Мәліметпен бөлісу: