Келелі кеңестерімен бөлісті

Керуеннің келесі отырсы Алакөл гуманитарлық-техникалық колледжінде өтіп, «Рухани жаңғыру: ел ертеңінің бастауы» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Алқалы жиынға колледж ұжымы мен білімгерлері мен жастар қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысты.
Кездесуге төрағалық еткен АГТК директоры М.Төлегенов: «Болашақтағы бағытымыз айқын, ол рухани жаңғыру. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз мәңгі болсын десек, Елбасының мақаласында көрсетілген міндеттерді іске асыруға жұмыла кіріскеніміз абзал»,- деп жиналғандарды бірлікке үгіттеді.

Жат ағымдар ықпалынан жастарды қорғау мақсатында Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының директоры А.Игенбай мен бөлім басшысы Д.Қазыкенов және облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Р.Калиев баяндама оқыды.

Жыршы, термеші Ә.Әділбеков пен ҚР мәдениет қайраткері А.Қармысов мәдени мұраны жаңғырту мәселелеріне тоқталып, артынша күмбірлете күй шертіп, құйқылжыта ән салды.
Жастар жағы да түрлі сауалдарын қойып, белсенділік танытып отырды.

А.ИМАНАСОВА.

Мәліметпен бөлісу: