Келелі ой, кесімді пікір

Елбасының ел болашағына деген алаңдаушылығынан туындаған «Балашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы талай келелі істердің бастамасы болып отыр. Тағылымды туынды жарық көрген мезеттен бері көптеген игілікке толы жұыстар атқарылды.

Осы ретте Қазақстанның үшінші жаңғыруының заңды жалғасы болып табылатын мақала еліміздің кезекті рет кемелдену сүзгісінен өтуге мол мүмкіндік ұсынды. Ескере кетсек, Қазақстанның бірінші мәрте жаңғыруы 27 жыл бұрын КСРО-ның қирандысынан шығып, өз жолымызды дербес мемлекет ретінде салғанымыздан басталған болатын. Екінші жаңғыру «Қазақстан – 2030» стратигиясының қабылдануымен және респуибликамыздың жаа бас қаласы Астананың салынуынан өз қайнарын тапты.

Ендігі үшінші мәрте түлеуі аталған мақаламен жалғасуда. Ұлт санасының жаңғыруын мақсат еткен бұл еңбек – бағдарламалық құжат саналады. Үлкен қос бөлімнен тұратын мақаланың екінші жартысында Елбасы кез келген жаңғырудың ең алдымен ұлттық болмысқа, дәстүрдің замана сынынан сүрінбей өткен озығына негізделуін қадап айтып отыр.

Бұл іргелі туындыны халық Мәңгілік ел мұратын жүзеге асырудың түп қазығын көрсетіп берген тұжырымдамалық бағдарлама ретінде қабылдауда. Ол елімізге рухани жол көрсететін нақты бағдар екеніне күмәнім жоқ. Нағыз ұлттық жаңғыру тек Қазақстан тәуелсіздікке қод жеткізгенде ғана, Елбасының ұзақ мерзімді стратегиясының негізінде басталды деп айтуға болады.

Қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталып отырған бұл идеяның ұсынылуы уақыт талабы мен ел дамуының тарихи кезеңіне сай, маңызды зор шешім болып отыр. Бұл идеяның үшінші жаңғырудың өзегіне айналуы, елімізге мүлдем жаңаша сипат, тың серпін әкелері анық.

Сананы рухани жаңғыртуға бәсекеге қабілетті, білімді елдің ғана шамасы жетеді. Сол себептен Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Елбасы аталған мақаладан жаңаша бастау алатын «Туған елге» ұласатын «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Сол арқылы әрбір азаматтың өзінің туған жерінің гүлденуі үшін нақты үлес қосуға үндейді.

Жас буын өкілдері халықтың игі дәстүрінен тәлім алып, елжандылық, патриоттық қасиеттерді бойына сіңіріп өсу үшін нақ осындай бағдардың маңыздылығы зор.

Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде «Қазақстандық патриотизм» ұғымы қолданылып келеді. «Қазақстандық патриотизм» арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, туған өлке туралы түсініктер оқу- тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс- шараларда Отансүйгіштік сезімді дамытуға, ұлттық салт-дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылуда.

Ең бастысы – жас ұрпақтың бойында Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру. Жастар тәрбиесіндегі басты ұстаным – өзін-өзі басқаруға мүмкіндік беріп, еркіндікті, сөз бостандығын, пікір бостандығын сездірту, олардың ұстанымдарымен санасу.

«Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын»,- дегені жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу ісінде баға жетпес ұсыныс.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы қоғам дамуына тың серпін беріп, барша қазақстандықтардың жаппай қолдауына ие болар тарихи бастама. Бұл игі бастаманы ел ішінде насихаттап, лайықты жүзеге асыру – баршамыздың міндетіміз.

Ұлт басшысы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Оның ең негізгісі ұлттың терең тарихынан бастау алатын рухани ұстанымды сақтап қалу. Құндылықтарымыз бен озық дәстүрімізді табысты жаңғырудың алғышартына айналдыра білу. Бұл ретте Елбасы: «Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек»,- деп атап көрсетті.

Президент рухани жаңғырудағы ұлттық сана-сезім көкжиегін кеңейтуде екі нәрсенің басын нақты ашып беріп отыр. Оның бірі ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғырудың болмайтындығы. Екіншісі, алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту. Мұндағы басты идея болашақ пен өткенді үйлесімді сабақтастыра білу. Озығын алып, тозығын тастау

Елбасының идеясы тарихқа деген көзқарасты түзету мен ұлттық бірегейлікті сақтап, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту жайлы болып отыр. Оның: «Бізге тарих туралы өздерінің субьективті пайымдарын тықпалауға ешкімнің қақысы жоқ»,- деуі шешімді пікір.

Рухани жаңғыруда қойылып отырған маңызды мәселенің бірі «сананың ашықтығы». Жаһандану үрдісіндегі басты талап әлемдік тілдерді игеруге ұмтылу. Бұл біздің ғаламдық үрдіске толыққанды араласуымызға жол ашады. Әлемдік озық тәжірибе мен жетістіктерге қол жеткізуімізге мүмкіндік туғызатыны анық.

Президент рухани жаңғыру жолында таяу жылдары атқарылуы тиіс негізгі міндеттерді де нақты анықтап беріп отыр. Соның бірі латын әліпбиіне көшу. Бұл орайда, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылданды.

Бажайлап қарасаңыз бұның барлығы ел болашағының баянды болып, халықтың мерекелі, берекелі тірлік кешуіне бағытталғанын аңғарасыз.

А.ДАРХАНБАЕВА,

аудандық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының меңгерушісі.

Мәліметпен бөлісу: