Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 10. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Кемелденудің қайнар көзі

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл туындыда сананы жаңғырту, ұлттық болмыс пен кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселелер көтеріліп, халық санасын қайта жаңғырту керек деген ой айтылған.

Жалпы, рухани жаңғыру – адам баласының ішкі әлемінің кемелденуі, сана-сезімнің айрықша өзгерістерді қабылдай білуідеп ойлаймын. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне де осы «рухани жаңғыру» дәлел. Көне замандағы көрікті қалаларымыз, сән салтанаты таласқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз соның айғағы.

Ұлт көшбасшысы халық санасын қайта түлетудің бірнеше принциптерін ұсынған болатын. Олар: бәсекелестікке қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, еліміздің революциялық емес, эволюциялық жағынан өзгеруі.Яғни жас ұрпақтың санасына салт-дәстүр мен қазақилықты сіңіру.Осы орайда  Елбасы  жат идеологияларға өз құндылықтарымыз бен отаншылдығымыздың арқасында төтеп беретінімізді атап өткен болатын. Сондықтан болашақ  тек білімді, нағыз патриот жастардың қолында екенін ескергеніміз абзал.

Рухани жаңғыру менің түсінігімде – қазаққа ғана тән дәстүрді қайта тірілту. Сонымен қатар бейбітшілік пен келісімі жарасқан, береке мен бірлік салтанат құрған бәсекеге қабілетті егемен ел болу үшін жаңғыру сүзгісінен өту алдыңғы қатарлы мәселе. «Береке басы – бірлік» дейді қазақ даналығы. Біз бабалар батасы дарыған, ата аманатын аялаған елміз. Яғни  әрбір азамат өз бойындағы тек жақсы қасиеттерді, озық білім мен үздік жаңалықтарды дамытса, жүйрік ойды, еңбекқорлықты алға қойса, бөтен қылықтарға ойсырата тойтарыс беріп қуатты елге айналарымыз хақ .

Қорыта айтқанда, бұл өркениеттің өрге жүзуі үшін  Мемлекет басшысының халқына деген үндеуі, ұтымды қағидасы, құнды өсиеті деп білемін. Ұлтсыз, рухсыз тәуелсіздік болмайтынын ескерсек, Елбасының реформасынан кейін рухымыз қайта жаңғырып, жаңаша сипатқа ие болғанын көріп отырмыз.

М.МАУЛЕНОВА

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері университеті журналистика мамандығының 4 курс студенті.

Мәліметпен бөлісу:

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov