
«AMANAT» партиясы Алакөл аудандық филиалында, облыстық мәслихат депутаты Саятова Баршагүл Ахатқызы аудан тұрғындарының арыз-өтініштері бойынша кезекті қоғамдық қабылдауын өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындардың әлеуметтік қамту, жер мәселесі, тұрғын үй мәселелері қаралды.
Өз тарапынан халық қалаулысы көптен бері шешімін таппаған құжаттандыру мәселесі бойынша көмектесетінін жеткізді. Басқа аудан көлемінде қаралатын халықтың арыз — өтініштерін шешуге ықпал жасайтынын және заң аясында түсіндірме жұмысын жүргізіп, мекеме басшыларына тапсыратынын жеткізді. Қабылдауға жазылған азаматтар өз тарапынан алғыстарын білдірді.