
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ҮЕҰ өз қызметі туралы мәліметтерді ұсынуға шақырады!
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді ҮЕҰ Дерекқорына ұсынудың кезекті мерзімі басталғанын еске саламыз. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес мәліметтер жыл сайын 31 наурызға дейін ұсынылады.
ҮЕҰ Дерекқорына мәлімет ұсыну мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады. ҮЕҰ Дерекқорында болу ұйымдарға ҮЕҰ-ның табысты жобаларымен танысуға, тәжірибе алмасуға, ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға мүмкіндік береді.
Мәліметтер Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру Қағидаларына сәйкес ұсынылады.
Сіз өз ұйымыңыздың қызметі туралы мәліметтерді келесі тәсілдердің бірімен ұсына аласыз:
1) ҮЕҰ Дерекқорының https://esep.govtec.kz/npo интернет-порталы арқылы (интернет-порталда авторизациядан өту ХҚКО-да алынған заңды тұлғаның ЭЦҚ кілтінің көмегімен мүмкін болады);
2) уәкілетті органға қағаз және электрондық тасығыштарда (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол ұсынады (Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 «Министрліктер Үйі», 15-кіреберіс).
ҮЕҰ Дерекқорының https://esep.govtec.kz/npo интернет-порталына кірген кезде Сіз порталмен жұмыс істеу бойынша қадамдық алгоритм берілген нұсқаулықпен таныса аласыз.
ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы және анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.
Жетісу облысы
«Алакөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ
Вниманию руководителей неправительственных организаций!
Министерство информации и общественного развития Республики Казахстан, что с 1 января 2026 года начинается очередной срок представления сведений о деятельности неправительственных организаций в Базу данных НПО.
В соответствии с пунктом 5 статьи 41 Закона Республики Казахстан «О некоммерческих организациях» сведения представляются ежегодно до 31 марта.
Представление сведений в Базу данных НПО является обязательным условием для участия в конкурсах на реализацию социальных программ и (или) социальных проектов в рамках государственного социального заказа и государственных грантов, а также для участия в конкурсе на присуждение премии для НПО.
Нахождение в Базе данных НПО предоставляет организациям возможность ознакомиться с успешными проектами НПО, обмениваться опытом, налаживать сотрудничество и партнерские связи.
Сведения представляются в соответствии с Правилами представления неправительственными организациями сведений о своей деятельности и формирования базы данных о них.
Вы можете представить сведения о деятельности вашей организации одним из следующих способов:
через интернет-портал Базы данных НПО https://esep.govtec.kz/npo
(авторизация на интернет-портале осуществляется с помощью ЭЦП юридического лица, полученной в ЦОНе);
в уполномоченный орган на бумажных и электронных носителях
(в формате Word на CD-дисках или USB-флеш-накопителях) по почте либо нарочно
(Комитет по делам гражданского общества Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан, г. Нур-Султан, проспект Мәңгілік Ел, 8, «Дом министерств», подъезд 15).
При входе на интернет-портал Базы данных НПО https://esep.govtec.kz/npo вы можете ознакомиться с инструкцией, содержащей пошаговый алгоритм работы с порталом.
