Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Асқар Себепов Алакөл көпсалалы колледжінің ұжымымен жолығып, насихат жұмыстарын жүргізді.
Өңірдегі іргелі білім мекемелерінің бірі саналар колледж қызметкерлері Асқар Себеповті қуана қабылдады. Себебі, сонау 2014 жылдан бері үміткер аталған оқу шаңырағымен келісімшарт жасасып, колледж білімгерлерін тәжірибеден өтуге, одан қала берді қызметке алуға да көп үлес қосып келеді. Тағы бір айта кетерлігі осы колледжге А.Себепов өзінің жеке жүк көлігін сыйға тартып, жастардың техниканы игеру бағытындағы білімін жетілдіруге де септескен болатын. Яғни, бұл ұжымға үміткер де таңсық емес.
«Аманат» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Қ.Көкебаев пен «Алакөл» аудандық газетінің бас редакторы А.Есенбеков сенімді өкіл ретінде үміткердің сайлауалды бағдарламасын толықтай талдап, артықшылықтарына тоқталып кетті.
Өз кезегінде мекеме басшысы А.Садиева жылы лебізін жеткізіп, колледжге сіңіріп жатқан еңбегі үшін алғыс білдірсе, Б.Шаяхметов те үміткердің еңбегін атап өтті. Жалпы алған ұжым толықтай А.Себеповке ыстық ықылас білдіріп, қолдау көрсететіндерін білдірді.
Жиналғандарға үлестірме материалдар таратылып, ең маңыздысы сайлауалды бағдарламасында колледж ғимараты мен жатақханасын күрделі жөндеуден өткізуге ықпалдасатындығын айтып өтті.
(Аудандық сайлау қоры есебінен төленді)