Конституция – тәуелсіздіктің берік негізі


Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің тәуелсіздігін, мемлекеттік тұтастығын және қоғамдық тұрақтылығын қамтамасыз ететін басты құқықтық құжат. Ата Заңда мемлекеттің құрылымы, билік тармақтарының қызметі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары және қоғам алдындағы міндеттері нақты белгіленген.

Конституция – заң үстемдігінің негізгі кепілі. Онда әрбір азаматтың өмір сүруге, білім алуға, еңбек етуге, өз пікірін білдіруге және заңмен қорғалуға құқығы бекітілген. Сонымен қатар азаматтарға заң талаптарын сақтау, өзге адамдардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу міндеттері жүктеледі.

Қоғамның тұрақты дамуы мен елдегі тәртіптің сақталуы заңға деген құрметтен басталады. Сондықтан Конституцияның маңызын түсіну, оның қағидаттарын күнделікті өмірде басшылыққа алу – әрбір азаматтың міндеті. Әсіресе өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, жастарға заң талаптарын түсіндіру маңызды бағыттардың бірі болып саналады.

Ата Заң – ел бірлігі мен ынтымағының, әділетті қоғам құрудың негізі. Конституцияны құрметтеу арқылы біз тәуелсіздігімізді нығайтып, болашақ ұрпаққа құқықтық әрі тұрақты мемлекет қалдыруға үлес қосамыз.

Мәліметпен бөлісу: