Басты бет
    • Газет туралы
    • Редакция
    • Бас редактор
    • Баспасөз
    • PDF-нұсқа
    • Байланыс
      • Басты жаңалықтар
      • Сайлау-2025
      • Дін және қоғам
      • Жұмысшы мамандық жылы
      • Білім
      • Жемқорлық
      • Саясат
      • Қоғам
      • Денсаулық
      • Тұлғатану
      • Ұлттық жаңғыру
      • Аграрлық сектор
      • Мәдениет
      • Спорт және туризм
      • Финграмота
      • Өзге жаңалықтар
      • Инфографика
  • alakred@mail.ru
Logo

- Press

Алакөл Аудандық қоғамдық — саяси газеті / Районная общественно — политическая газета

1935 жылғы қазан айынан шығады

  • Бүгін : 13. 06. 2025 жыл |
  • :
  • :
Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Сайлау-2025
    • Дін және қоғам
    • Жұмысшы мамандық жылы
    • Білім
    • Жемқорлық
    • Саясат
    • Қоғам
    • Денсаулық
    • Тұлғатану
    • Ұлттық жаңғыру
    • Аграрлық сектор
    • Мәдениет
    • Спорт және туризм
    • Финграмота
    • Өзге жаңалықтар
    • Инфографика
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс

Коронавирус: амандық баталов облыс тұрғындарына үндеу тастады

Құрметті Алматы облысының тұрғындары! Қазір бүкіл әлем, соның ішінде, біздің еліміз де коронавирустың  таралуына байланысты туындаған жаһандық қауіп-қатермен бетпе-бет келіп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елде төтенше жағдай енгізу туралы Жарлық шығарып, вирустың кең таралуына жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Өздеріңіз білесіздер, Алматы қаласында отандастарымыздың арасында инфекция жұқтырған оқиғалар тіркелді. Осыған байланысты Мемлекет басшылығы түнгі сағат 00-ден бастап Алматы қаласында карантин енгізу туралы шешім қабылдады.

Қалаға  кіреберісте блокпосттар қойылып, кіру жолдары жабылды. Бірқатар кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы тоқтатылды. Сауда-ойын-сауық орталықтары, базарлар мен мейрамханалар жабылды. Біз бұл мәселені Алматы қаласының әкімдігімен бірге қарастырып жатырмыз.

Сіздердің көпшіліктеріңіз Алматы қаласындағы мекеме-кәсіпорындарда жұмыс істейсіздер, қалаға қандай да бір шаруаларыңызбен, базарға, дүкенге барасыздар. Осыған байланысты түсіністікпен қарап, карантин кезінде қалаға баруды қоя тұруларыңызды сұраймын.

Қазір бірінші кезекте өз денсаулығымызға ерекше назар аударып, санитарлық дәрігерлердің барлық ұсыныстарын толық сақтауымыз керек. Біз биліктің үндеуіне құлақ аспай, қауіпсіздік шараларына жеңіл-желпі қараған бірқатар Еуропа елдері (Италия сияқты) тұрғындарының қателіктерін қайталамауымыз керек. Оның арты неге әкеліп соққанын өздеріңіз білесіздер.

Біздің облыста барлық азық-түлік дүкендері штаттық режимде жұмыс істейді. Бірінші кезектегі қажет азық-түліктер толық көлемде жеткілікті. Тауарлар мен дәрі-дәрмек жетіспеушілігі жоқ. Бағаны тұрақтандыру үшін облыстық бюджеттен қосымша қаржы бөлінді.

Құрметті жерлестер, қабылданып жатқан барлық шаралар сіз бен біздің қауіпсіздігімізді, қоғам тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Ең бірінші кезекте өзіміздің және жақындарымыздың денсаулығына жауапкершілікпен қарай білейік!

Жағдайдың салмақты екенін түсініп, вирустың таралуына жол бермеуіміз керек.

Амандық БАТАЛОВ,

Алматы облысының әкім

Мәліметпен бөлісу:

  • WhatsApp
  • Twitter
  • ВКонтакте
  • WhatsApp
  • Одноклассники
  • РњРѕР№ РњРёСЂ

Редакцияның мекен-жайы:

Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы,

Жеңіс көшесі № 129.

Редакция телефондары:
3-52-63,    3-52-68,

3-51-74

E-mail:
alakred@mail.ru

Құрылтайшы: Директор —  Алмат Асхатұлы

Меншік иесі: «Alakol Press» ЖШС

Бас редактор — Алмат Асхатұлы

Газет аптасына бір рет сенбі күні шығады.

Таралымы 4607

  • Басты бет
  • Газет туралы
  • Редакция
  • Бас редактор
  • Баспасөз
  • PDF-нұсқа
  • Байланыс
  • Басты жаңалықтар
  • Сайлау-2025
  • Дін және қоғам
  • Жұмысшы мамандық жылы
  • Білім
  • Жемқорлық
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Тұлғатану
  • Ұлттық жаңғыру
  • Аграрлық сектор
  • Мәдениет
  • Спорт және туризм
  • Финграмота
  • Өзге жаңалықтар
  • Инфографика
Біз әлеуметтік желіде

© 2025 "Алакөл айнасы"

Барлық құқықтар сақталған. Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.

Сайт құру

Kassymov