«Пандемия»! Үрейіңді алатын осы бір дерт жас, кәрі деп таңдамайтыны әуелде белгілі болды. Күн санап вирус жұқтырушылар саны артып келеді. Олардың ішінде, өкініштісі сол жүкті әйелдерде бар. Бүгінге дейін жүкті және босанған әйелдердің 1049-ы аталған кеселге шалдыққаны анықталған.
Сорақысы, аяғы ауыр және жаңа босанған жас аналардың 4-уі аты жаман аурудан көз жұмған. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды.
Қос өкпенің қысып, демнің жетпеуі кішкентай періштені құрсағына көтеріп жүрген нәзік жанды түгілі, қол-аяғы балғадай адамдар үшінде оңайға түсіп жатқан жоқ. Дегенмен, бұл факт. 705 әйел пневмониямен ауырғандығы тіркелген.
«Қазіргі уақытта КВИ – 139 және пневмониямен – 69 әйел, стационарлық емдеуде — 68, абулаторлық емде 71 әйел ем-дом қабылдап жатыр. 6 әйелдің жағдайы өте ауыр»,-дейді Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының босандыру және балалар бойынша орынбасары Лейла Серікбаева.
Естеріңізге саламыз, өткен тәулікте өңірде 244 адамнан коронавирус анықталды. Сонымен қатар, 9713-і медициналық қызметкерлердің бақылауында, оның ішінде 3075 науқас стационарда ем алуда.