Лепсі ауылдық округі Байзерек ауылы  оқушылар арасындағы шағын футбол   жарысы өтті

2025 жылғы 25 қараша күні Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Лепсі ауылдық округі Байзерек ауылында  оқушылар арасындағы шағын футбол жарысы ұйымдастырылды.

Жарысқа жалпы 30 спортшы, 5 команда болып қатысты. Спортшылар арасындағы ойын тартысты әрі қызықты өтіп, қатысушылар жоғары спорттық дайындықтарын көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1-орын  Төңкеріс мектебі


2-орын Қарлығаш мектебі

3-орын  Бибақан мектебі

Жеңімпаздар арнайы медальдармен марапатталды

Мәліметпен бөлісу: