Әлеумет әлеуеті үшін

Елбасы Н.Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVIII съезіне қатысу мен үшін үлкен абырой деп білемін. Партия тарапынан атқарылар жұмыстың он жылдық жоспарын бағамдап, жол көрсеткен Ұлт көшбасшысы өзінің сындарлы саясатының арқасында әлеуметтің әлеуетін көтеруді басты мақсат етіп қойды.

Жиында қаралған ең елеулі мәселенің бірі – әлеуметтің тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға көрсетілетін көмек, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарды барынша қолдау болды. Бұл жай ғана сөз емес, нақты қаражат бөлініп, жоспарлы жұмыс басталған жүйе. Оның жемісін межеленген он жылдықта емес, жуық арада, яғни алдағы бір-екі ылдың ішінде көрітінімізге сенімдімін. Себебі халық – мемлекеттің басты байлығы, құраушы компаненті. Сондықтан олардың хал-ахуалына жіті назар аударып, әлеуметтік әлсіз топтарына барынша көмек көрсету, кедергісіз жағдайлар жасау әр елдің міндетті принциптері деп білемін. Әлемдік бәсекелестікке ұмытылған Қазақстан да бұл артықшылықты түсінеді әрі оны назарға алуда. Осы бағытта түрлі реформалар қабылданып, бағдарлы бағдарламалар жоспарланып отыр. Бюджеттен қомақты қаржы да бөлініп, бұқараның жоғын жоқтап, мұңын мұңдауға қадамдар жасалынуда. Бұның барлығын Елбасы Н.Назарбаевтың өз аузынан естіп, қуанып қалғанымыз жасырын емес.

Ендігі кезекте, баянды бастамалардың жемісін көру. Партиялықтар Елбасы тапсырмасына сәйкес бөлінетін қаржының діттеген жеріне жетуіне бақылау жасап, әлеуметпен одан әрі де әріптес бола берме.Бізге керегі бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін»» деп, бір кісідей болып, игі істерді жүзеге асыруда белсенді жұмыс жасауымыз парыз.

Е.ЖУАНЫШБАЕВ,

Аудандық мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы Партиялық Бақылау комиссиясының төрағасы, XVIII сьезд делегаты.

Мәліметпен бөлісу: