«Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің» жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті


         Алматы облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен Алматы облысының ҮЕҰ консалтингтік орталығы жыл сайын «Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесін» ұйымдастырып, 2021 жылы байқаудың  жеңімпаздарын айқындады.

       Байқаудың мақсаты — азаматтық қоғамды дамыту, оның институттарының әлеуетін өзекті әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге тарту, одан әрі start up қаржыландыру үшін азаматтық бастамаларды қолдау болып табылады.

Байқау екі кезеңде, 5  номинация бойынша өтті: 

  • «Тең мүмкіндіктер қоғамы»;
  • «Әлеуметтік кәсіпкерлік»;

 — «Қоршаған ортамен үйлесімде»;

  • «Ауылдық өмір»;
  • «Жастарға бастау».

Биылғы 2021 жылы өткен Байқауға 50 астам өтініштер түсіп, арнайы критерийлер бойынша ең үздік 10 жоба анықталды. Яғни, жалпы Қоры – 10 000 000 теңге, оның ішінде 1 000 000 теңгеден 10 жоба қаржыланды. Шағын гранттар үшін бөлінген қаражат әлеуметтік жобаны іске асыру үшін техникалық база және материалдық көмек түрінде беріледі.

2021 жылғы жеңімпаздар:

—        «Алма бақ» экомектебі» жобасы — «Алакөл Экосистемасы» қоғамдық бірлестігі, басшысы Бектемисова Кульяра Жумжумановна;

—        «Выездное обучение компьютерным навыкам  для граждан с ограниченными возможностями» жобасы — «Федерация спортсменов инвалидов «Жiгер-М» қоғамдық бірлестігі, басшысы Ходжамуратов Тажигали Абдижамилович;

—        «Здоровая сельская жизнь!» жобасы —  «Қос қанат Жетысу» қоғамдық бірлестігі, басшысы Радионова Елена Николаевна;

—        «Атмосферадағы таза ауа» жобасы —  «Мерейлі шуақ» жастар қоғамдық бірлестігі, басшысы Нурханов Қайрат Муқатайұлы;

—        «Клуб здоровья «ШЫМЫР» жобасы — «Ескелді аудандық әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі, басшысы Карипова Дина Бекетаевна;

—        «Скоро в школу» жобасы —  «Открытый мир» жеке қоры, басшысы Бейсеева Айгерим Жанабаевна;

—        «Социальная стоматология» для молодежи с нарушением слуха» жобасы — «Жетысу» мүгедектер қоғамдық бірлестігі, басшысы Дулыханова Жулдыз Мейрамбековна;

—        «Алақай-Балақай» анниматорлар жобасы —  Қаратал ауданы жастарының «Жастар тандауы» қоғамдық бірлестігі, басшысы Рақметқазынов Нұржан Нұрланұлы;

—        «Қозғалыс – бұл өмір» жобасы —   «Болашақ бағдары» қоғамдық бірлестігі, басшысы Илипов Нуржан Маратович;

—        «Чистота – залог здоровья!» жобасы —  Сарқан ауданы еріктілері «Парыз» жастар қоғамдық бірлестігі, басшысы Кенешев Мақсат Құлтайұлы.

Аталған әлеуметтік жобаларға мониторинг жіргізіліп, арнайы видео түсіріледі.

Мәліметпен бөлісу: