Ол ең алдымен Жыланды ауылындағы мектеп-лицейге ат басын бұрып, оқу ордасының ғимаратын толықтай аралап, мекеменің техникалық жабдықталуы, кітаппен қамтылуы, ұстаздардың біліктілігі, шәкірттердің білім дәрежесі жайлы сұрастырып, өз ұсынысын білдірді. Әсіресе, кітапхананы қазіргі заманға сай бейне және ау-диоматериалдармен қамтамасыз ету, балалардың кітап оқуға деген құштарлықтарын арттыру, ағылшын, орыс ақын-жазушыларының туындыларының санын көбейту керектігін түсіндірді.
Келесі кезекте Қабанбай ауылының аудандық ауруханасына бас сұғып, ота жасалатын орындарды, дәрігерлер кабинеттерін, емделу-шілер жататын бөлмелерді көрді. Науқас жандармен әңгімелесіп, емхана тарапынан көрсетілетін қызмет сапасы жайлы сұрастырды. Аурухана директорына мекемеге жетіспейтін мамандарды жуық арада тауып, дәрігерлер қатарын толықтыруды міндеттеді.
Сапарының соңында Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану мұражайы мен Талдықорған қаласындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектепинтернаттың Лепсі ауылдық филиалына кіріп шықты. Музей иелігіндегі тарихи жәдігерлер мен бабамыз қолданған заттарды тамашалады.
Спорт мектеп-интернатының балаларға арналған жатын бөлмелерін, асханасын, жаттығу залдарын, оқу кабинеттерін аралады. Интернат ғимаратының бүгінгі жағдайына жақсы деген баға беріп: «Осы беталыстарыңнан танбай, өңіріміздің дамуына өзіндік үлестеріңді қоса беріңдер»,- деген тілегін білдірді.
А. АСХАТҰЛЫ