Ұлт болашағы жарқын болсын

Елбасымыздың 2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланған Жолдауы жастарды бір серпілтіп бойымызға жігер сыйлайды.Жастар-болашақтың тірегі, елдің ертеңі.

Жарқын болашаққа қадам басып, жастық күш-жігерлерін жұмсау үшін жастарға бағыт-бағдар, нақты жоспар керек екені анық. Қоғамның маңызды бөлігін құрайтын жастарға кең мүмкіндік берілуі тиіс деп ойлаймын.Сондықтан да, нақты ұсыныстар қабылданып, жастардың жан-жақты ие болуын қамтамасыз еткен жөн. Әсірессе,жастар арасында жұмыссыздық денгейін төмендетуге байланысты іс-шаралар қолға алынып, нақты нәтижеге қол жеткізуін қадағаласақ құба-құп болар еді. Қазіргі«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында да ауданымыз бойынша көптеген игі іс-шаралар жүзеге асырылды. Сол жаңғыру Қазақстанның үшінші жаңғыруы болса, 2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланғанын қызу қолдап, осы жолдаудан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруға бір кісідей аудан жастары ат салысамыз. Елбасының жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі мәні деп санайды. Ол жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында жастар саясатын жетілдіру бойынша іргелі тапсырмалар беріп жүргені белгілі, өйткені жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады.

Жастарды жұмыспен қамту мәселесі елімізде басты назардағы мәселе екені белгілі. Осы проблеманы жою үшін елімізде «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020», «Әрбір отбасына «7-20-25» бағдарламасы аясында баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру», «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту», т.б. бағдарламалар қолға алынып, еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып жатыр. «Агроөнеркәсіпті дамыту» бағдарламасы бойынша ауданымызда жастар үшін арнайы пункт енгізілсе деген ұсыныстарымыз бар. Қазақта «Жас келсе – іске» деген сөз бар. Ақылды технология заманында ақыл да, тың идея да жастардан шығады. Ендеше, Жастар жылы – жастарға арналуы керек. 2019 жыл жалаң сөз, жаттанды дүниеге құрылмай, жастардың нақты түйткілдерін шешетін жыл болғай! 

Т.ҚАБЫЛҚАНОВ,

аудандық жастар ресурстық орталығының маманы.

Мәліметпен бөлісу: