Ұлт саулығын нығайту — басты талап.


«Ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту керек. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі денсаулық сақтау саласына қосымша ресурстар әкеліп, жеке меншік медицинаға зор пайдасын тигізді»-деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында.
Мемлекет басшысы әр Жолдауында ұлт саулығына жіті назар аударып, көңіл бөлуде. Өйткені ұлттың ұлт болып қалыптасуы денсаулығына тікелей байланысты.
Халқымызда “Бірінші байлық — денсаулық”-, деп бекер айтылмаса керек. Қазіргі дамыған заманда медицина саласының мүмкіндіктері де күн санап артуда. Бұл тұрғыда адам өмірінің арашасы болар ақ халатты абзал жандардың еңбегі орасан зор.
Алайда, бүгінгі дамыған заманда халық саны артқан сайын білікті медицина мамандарының тапшылығы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Дәрігер мамандығы қай елде, қай жерде де үлкен сұранысқа ие. Ұлт денсаулығының мықты болуы үшін біз медицина сала мамандарының білім алуына жағдай жасап, кәсіби шеберлігінің шыңдалуына мол мүмкіндік қарастыруымыз керек. Бүгінде, жоғары оқу орындарында білім сапасын арттырып, грант құнын білім беру үдерістерінің деңгейіне қарай саралайтын болса дарынды жастардың медицина саласына қызығушылығы арта түсері анық.
Ем өздігінен берілмейді, қарапайым екпе де өздігінен салынбайды, адамның жұмысын компьютер жасап бермейді. Білімді, әрі білікті дәрігерлер әрдайым қажет. Сондықтан бүгін де, ертең де медицинаны майталман мамандарсыз елестету мүмкін емес.
Білім мен білік дағдыларын терең меңгерген маман ұлт денсаулығын іс-жүзінде сақтандыруға бір кісідей ат салысады деген сенімдемін.

Асхат Қуанышбайұлы
Алакөл аудандық орталық ауруханасының басшысы

Мәліметпен бөлісу: