Ұлттық бірыңғай тестілеудің жүргізілу барысы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар)  жобасында қарастырылған  өзгерістер мен толықтырулар негізінде ағымдағы жылдың  20.06-05.07.2020ж

аралығында мектеп бітірушілер үшін ұлттық бірыңғай тестілеу( бұдан әрі –ҰБТ) өткізіледі.

   Біздің ауданымызда 24-27 маусым аралығында ҰБТ өткізіледі. 24 маусым күні – 151 түлек, 25 маусым күні – 156 түлек, 26 маусым күні – 165 түлек, 27 маусым күні – 165 түлек ҰБТ тапсырады.

      Бүгінде мектеп партасында отырған жасөспірім — ертеңгі ел азаматы. Сол жастардың білімін саралап, келешекке жолдама беретін тетік — ҰБТ. Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайындалу оқу қызметіндегі әр оқушының сабаққа үлгерімі, оның дербес ерекшеліктеріне, ойлауға, есте сақтауға, зейініне, жылдамдығына, жеке басының ерекшеліктеріне байланысты сапалы білім алу, нәтижелі іске бағытталу мақсатында  «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуді ұйымдастыру» барысына  тоқталар  болсақ , ауданымызда  683 түлек, оның ішінде қазіргі таңда   өтініш бергені –634. Ата-аналарды және оқушыларды ҰБТ-дің ережесімен, жадынамасымен қосымша таныстырып, бағалау шкаласы жайлы түсіндіріп, әр оқушы  білім сапасын  басты назарға алу керектігі жайлы бағыт-бағдар беріліп, вебинарлар  өткізілді. Вебинарда мынадай нақты деректер қорымен таныстырылды:

  • Биылғы жылғы мектеп бітіруші түлектеріміз өз қалауы бойынша ҰБТ-ны қазақ тілінде, орыс тілінде және ағылшын тілінде тапсыра алады;
  • шығармашылық емтиханды екі пәннен тапсырады. (оқу сауаттылығы және Қазақстан тарихы);

   Биылғы жылы санитарлық талапқа сай бірнеше медициналық тексеру этапы бойынша түлек аудиторияға кіргізіледі. Даладан лента жолақшалары қойылған арнайы жолмен түлектер ара қашықтығы 2 метрден аудиторияларына  даладан алдымен дизенфекциялық тоннельден өтеді, сосын баланың дене қызуы тексеріліп, маскалары ауыстырылады. Кіре беріске медициналық антисептик құйылған дозаторлар орнатылып, аяқтың астына дезинфекциялық кедергілер (дизборьер) аяқ төсеніштері қойылады.   Әр баланың арасы 2 м ара қашықтықты сақтау мақсатында бір бала бір партаға отырады,  шахмат үлгіде. Барлық санитарлық талаптарға сай ҰБТ жұмыстары ұйымдастырылады.

Тестілеу уақыты 3 сағат 50 минуттан 4 сағатқа дейін ұзартылады. 10 мин санитарлық талаптарды сақтау мақсатында қосымша беріліп отыр. Тікелей олайн трансляция жүргізіледі. Ата-аналарға тікелей көрсетілімнің ссылкалары жіберіледі.  Егер түлек телефон немесе тиым салынған заттармен анықталған жағдайда сол тестілеуге жіберілмейді, ағымдағы жылы ҰБТ тапсыруға рұқсат етілмейді.

Барлық түлектерге, болашақ  мамандығын дұрыс таңдап, алдағы өмір жолында биік асуларға жетулеріңізге тілектестік білдіремін.

Мәліметпен бөлісу: