Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты туындысыхалқымыздың сан ғасырлық тарихы мен мәдениетін, ұлттық құндылықтарын қазіргі заман ағымына сай қайта жаңғыртуға бағытталған маңызы зор мақала. Онда ұлы даладан бастау алған атқа міну мәдениеті, ежелгі металлургия, адам мен табиғаттың өзара байланысының символы ретінде саналған аң стилі, дүниежүзілік тарих ғылымы үшін үлкен жаңалық әкелген «Алтын адам», түркі әлемінің бесігі, Батыс пен Шығысты байланыстырған Ұлы Жібек жолы, Қазақстан жері – алма мен қызғалдақтың отаны туралы айтылған. Яғни, бұл аталғандар Ұлы Даланың негізгі болмысы, жеті қыры болып саналады.
Президент өз мақаласында: «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болатынына сенемін»,-деп айтқандай, туындыда әрбір айтылған бағыттарды халыққа кеңінен насихаттау, әсіресе өскелең ұрпаққа жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу, олардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру қазіргі таңдағы ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Аталған міндетті жүзеге асыру үшін еліміздегі балабақшалардан бастап жалпы орта білім беру ұйымдары, сондай-ақ жоғары оқу орындарында жүйелі түрде іс-шаралар жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда.
Соның бірі – жер жаннаты Жетісудың төрі Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде білімгерлерге Елбасы мақаласында айтылған негізгі бағыттардың мән-маңыздылығын түсіндіру бойынша әртүрлі бағытта шаралар кешені өткізілуде. Мәселен, ағымдағы жылдың 26 қарашасында құқық және экономика факультетінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Құқық және экономика факультетінің деканы, философия докторы (PhD) Б.Таубаев, кафедра меңгерушілері және факультеттің оқытушылар құрамы мен белсенді студенттері қатысты. Жиын барысында факульттеттің қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі,PhD доктор Б.Айтимов мақаладағы идеяларды қолдап өз пікірін айтты.
Дөңгелек үстелді өткізудің басты мақсаты – Елбасы мақаласындағы әрбір айтылған бағыттардың мән-маңыздылығын университет білімгерлеріне түсіндіру, оларды өз елінің тарихын, мәдениетін жете білуге баулу, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру болып табылды. Сонымен қатарқылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының топ кураторлары Елбасы мақаласының тәрбиелік маңызын насихаттау бойынша «Құқықтану», «Құқық және экономика негіздері» мамандықтарының білімгерлеріне кураторлық сағаттар өткізді. Бұл да өз кезегінде жастардың бойында патриоттық сезімді дамытуға мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда, Ұлт көшбасшысының мақаласы – халқымыздың рухани өміріне үлкен серпіліс берді. Мақалада айтылған әрбір бағыт еліміздің әлеуметтік-мәдени тұрғыда дамуына сеп болары сөзсіз. Ең бастысы, мақаладағы айтылған негізгі ой жас ұрпақтың бойында ізгі адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған. Сондықтанбіз, жоғары оқу орнының оқытушысы ретінде Елбасы саясатын қолдау мақсатымен сапалы әрі білікті мамандар даярлап шығаруға өз үлесімізді қосуға атсалысамыз.
Д.НҰРБЕК,
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті құқық және экономика факультеті қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м.