Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Ата Заңның дүниеге келу тарихын, мән-маңызын түсіндіру, Мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру мақсатында Үшарал қалалық №1 орта мектебінде «Азат елдің ар-намысы – Ата Заң мен Рәміздер» атты дөңгелек үстел өтті.
ШарағаҮшарал қаласындағы мектептердің ұстаздары,«Жас Отан» жастар қанатының белсенділері, құқық қорғау органдары мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.
Жиын барысында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Сүлейменов «Сіздерді елдігіміздің нышаны, береке-бірлігіміздің ұйытқысы, абыройымыздың айғағы болып отырған Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күн – біздің мемлекетіміздің, халқымыздың ең ұлық мерекелерінің бірі. «Көптің сөзі – киелі» дейді дана халқымыз. Ел-жұрттың талқысынан өтіп, таңдауына айналған басты құжатымыздың авторы – бүкіл Қазақстан халқы. Ғасырлар тоғысында әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан халқы тарихи да тағдырлы шешім қабылдап, жасампаз жаңа дәуірге қадам басты. Ата Заң біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Конституция мызғымас мемлекеттігіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі»,- деп еліміздің бас құжатының маңыздылығын тілге тиек етті.
Артынша аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі А.Арнай, аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің қоғамдық пәндер әдіскері Ж.Мырзаханова, аудандық «Алакөл» газетінің тілшісі А.Есенбеков Елбасының жақында жарыққа шыққан мақаласының әр тармағына қысқаша тоқталып өтсе, АІІБ ювеналды топ инспекторы А.Аппасов пен Үшарал қалалық №2 орта мектебінің ұстазы Г.Садықоварәміздеріміз төңірегінде өз ойларын ортаға салды.
Жиын соңында мемлекеттік тілге байланысты сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алынды. Сонымен қатар келушілерге жинақ папкалары мен сауалнамалар таратылды.
А.Дәулетқызы.