
2026 жылғы 29 қыркүйек күні Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Бескөл ауылдық округінде ауыл және аудан оқушылары арасында «Ұлтымыздың ұлттық мұрасы» атты спорттық сайыс ұйымдастырылып өткізілді.
Жарыстың негізгі мақсаты – ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттау, жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Сайыс барысында қатысушылар төмендегі спорт түрлері бойынша бақ сынасты:
⚜️ Гір тасын көтеру
⚜️ Арқан тартыс
⚜️ Қол күрес
Жарысқа ауыл және аудан тұрғындары белсене қатысып, өздерінің күш-қайраты мен спорттық шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті. Бәсекелер тартысты әрі қызықты өтті.
🏆 Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы грамоталар 🎫 және кубоктар 🏆 арқылы марапатталды.
