
Бүгін ауданның мәдениет саласының қызметкерлері сайлау учаскесіне келіп, өз азаматтық таңдауларын жасады.
Сайлауға қатысқан мәдениет қызметкерлері елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласудың және азаматтық жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар шара аясында қызметкерлер арасында ұлттық спорттық ойындардың бірі – арқан тартудан жарыс ұйымдастырылды. Спорттық сайыс қатысушылардың ұйымшылдығын, күш-жігерін және командалық рухын арттыруға бағытталды.
Іс-шара барысында азаматтық белсенділік пен бұқаралық спортты насихаттау қатар жүзеге асырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
